Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Алматыда Ян Гейлдің жобасы бойынша жасалған аймақтан шыршалар ұрланды

KAZAKBOL.COM

Мамандар биыл Ян Гейл жобасы бойынша көріктендірілген бұл аймақ әрмен қарай шеңбер түрінде ұзарып жасалатынын жеткізді.

 

 

Жетісу ауданында ағаштардықолды қылғанұрылар іздестірілуде.Дат сәулетшісі Ян Гейлдің жобасы бойынша көріктендірілгендемалыс аймағынан шыршалар мен боз аршалар ұрланған.Бұзақылар жасыл желекті тіпті түп тамырымен қопарып алуға кіріскен. Қазір тәртіп сақшылары сұғанақтарды іздестіруде. Ұрылар ұсталса, барынша қатаң жазаланбақ, деп жазады Алматы телеарнасы.

«Айнабұлақ-1» ықшам ауданының тұрғындары ерекше ашулы.Былтыр Мұқатай көшесінің бұл аймағы Алматыны абаттандыруға кіріскен дат сәулетшісі Ян Гейлдің жобасымен көріктендірілген еді. Маңайға веложол төселіп, отыратын орындар мен балалар ойын алаңы жасалған. Әрі жасыл желек саны артып, 87 шырша мен 30 түп боз арша отырғызылған болатын. Алайда көрікті ағаштар әлдекімдердің көз құртына айналыпты. Сұғанақтар жаңа жыл қарсаңында 1 шыршанықолды қылса, тура Наурыз мейрамының алдында тағы үшеуін түп тамырымен қазып алып кетіпті.

«Білмейміз ғой, түнде ала ма қай уақытта алады. Түске жақын шығамыз. Одан кейін үйге кіріп кетеміз».

«Сындырып кетеді, міне түбімен қопарып кеткен күндер де болды. Қыстың күнітүбімен көшіріп алып кетті ғой бұлар. Ертесінде жоқ».

Қазіргі уақытта мұндай тянь-шаньдық 1 түп шырша ағашы 75 мың теңге тұрса, боз аршаның құны 5 жарым мың теңгеден басталады екен. Осы уақытқа дейін бұл жерден 5 түп шырша ағашы мен 5 түп боз арша ұрланыпты. Бұған қоса, бұзақылар тіпті қоқыс жәшігіне де қол салуға кіріскен.Алаңдағы 1 қоқыс жәшігін ұрлап, отыратын орындықтарды да аяусыз бүлдіріп кетіпті. Қазір тәртіп сақшылары тергеу жұмыстарын жүргізіп, сұғанақтарды іздестіруде.

«Алдында төртеуін ұрлаған, біз оны таптық та. Подъездің алдына әкеліп қойған,қайтып егіп қойдық. Бірақ ол кездерде табылмады, адамдар ешкім білмейді кім алғанын, кім әкеліп қойғанын. Бізде түнгі сағат 12-ге дейін патруль бар, соның ақтысын таңға дейін ұзарту туралы қазір сөйлесіп жатырмыз. Камера қойсақ, сол кезде халық қорқатын шығар»,- деді Алматы қаласы Жетісу аудандық көріктендіру бөлімінің басшысы Иса Бимұратов.

Мамандар биыл Ян Гейл жобасы бойынша көріктендірілген бұл аймақ әрмен қарай шеңбер түрінде ұзарып жасалатынын жеткізді. Ол жерде де мұндай сорақылықтар болмас үшін бейнебақылау камералары орнатылып, күзетшілер қойылмақ. Ал, ағаштардықолды қылған ұрлықшы ұсталса, оған1 мың айлық есептік көрсеткіштен жоғары айыппұл салынуы мүмкін немесе 3 жыл бас бостандығынан айырылады.

Айдана Мейрамбайқызы, Мұрат Тайжанов

Фото: 4seed.jimdo.com
 

 

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM