Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Алматыдағы басты жаңажылдық шырша 18 желтоқсанда жанады

KAZAKBOL.COM

Қаланы Жаңа жылға орай әрлеуде бүкіл желтоқсан мерекелері ескерілген.

Алматыдағы басты жаңажылдық шырша Тәуелсіздік күнінен соң 18 желтоқсанда жағылады, — деп хабарлайды  Sputnik Қазақстан  қалалық әкімдікке сілтеме жасап.

Әкімдік баспасөз қызметі атап өткендей, қаланы әрлеу кезінде ұлттық стиль қолданылып, желтоқсан айындағы бүкіл мереке ескерілген.

«Қаланы Жаңа жылға орай безендіру Тәуелсіздік күнін тойлаған соң басталады, яғни жаңажылдық шырша 18 желтоқсанда жағылмақ. Былтырғы әшекейлер біраз жөндеуден өтіп, биыл да пайдаланылады», — деді әкімдікте.
Биыл қаланы әрлеуге жергілікті бюджеттен 175 миллион теңге бөлініпті.

Қалада барлығы 15 жаңажылдық шырша қойылады: Республика сарайы алдында, Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры алдында, Тұңғыш президент паркінде, «Алматы Аренада» және басқа жерлерде.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM