Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Алматылық азамат 200 теңгеге жолаушыларды лимузинмен тасып жүр

KAZAKBOL.COM

Жолақысының арзан болғанына қарамастан, пайда да табатын көрінеді.

Алматыдан облысқа дейін ерекше такси қатынай бастады! 9 метрлік лимузинмен жолаушыларды Талғарға дейін тасып жүрген таксиші жұртты таңғалдыруда. Бұл туралы  Stan.kz  “Алматы” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Лимузин иелері той мен корпоративтерде қызмет көрсетудің орнына қарапайым халықты қуантуда. Мәлімет бойынша, лимузин жолаушыларды Райымбек батыр даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысынан алып кетеді.

“Былғарыдан жасалған салон, қытайда жасалған “мафон”. Көлік бос, ал жүргізуші бойдақ”, – автокөлік жүргізушісі Жасұлан Абжатов жолаушыларды дәл осылай қалжыңмен шақырады. Салонды толтырған соң, көлік қала шетіндегі Талғар қаласына аттанады.
Жүргізушінің айтуынша, автокөлік оның досына тиесілі. Темір тұлпар екі жыл бойы үй ауласында бос тұрған. Жүргізуші күніне төрт рейс жасайтынын айтады. Жолақысының арзан болғанына қарамастан, пайда да табатын көрінеді.

“Жолаушыларды бақылап отырудың өзі қызық. Көбісі салонда суретке түсіп, желіге жүктейді. Кейде ғаламтордағы қосымшаларды пайдаланып, қала ішінде такси қызметін атқарамыз. Бір күні тапсырыс берушінің үйіне бардым. Бір әйел шығып, ақ көлікті сұрады. Лимузинді көрсетіп едім, таңғалып қалды”, – дейді Жасұлан Абжатов.
Жасұланның айтуынша, қызмет көрсету саласының ережелері өзгеріп отырады. Сондықтан да бүгінде лимузиннің айтарлықтай дамыған түрлері сұранысқа ие. Ал 20 жыл бұрын шыққан мына көлікке деген сұраныс төмендеп кеткен. Есесіне қарапайым жолаушыларға қызмет көрсетуде.

Айтпақшы, жолаушылардың айтуынша, такси құны да қымбат емес. Талғарға жету үшін жолаушы небәрі 200 теңге төлейтін көрінеді.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM