Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Алматылық жүргізушілер қытайлықтарды шекарадан түсірмей, қалаға дейін әкеліп жатыр

KAZAKBOL.COM
Көрнекі сурет

Елімізге Қытайдан келетін автобустар шетінен ұсталып жатыр. Үрімжі-Алматы бағытында жолаушы тасымалдайтын көліктерге бірнеше күннен бері рейд жүргізілуде деп хабарлайды КТК арнасы.

Өйткені олардың құжаттарында тек Қытаймен шекаралас Шонжы ауылына дейін ғана келуге рұқсат бар. Алайда автобус жүргізушілері заңды белшеден басып, Алматыға дейін адам әкеліп жүр.

Көлік бақылау инспекциясы мен жол сақшылары төрт күннен бері Алматы-Қорғас тас жолын торып жүр. Себебі соңғы уақытта Қытайдан адам тасымалдайтын автобустар Алматыға заңсыз кіретін болған. Яғни Үрімжі-Шонжы бағытында да ғана қатынауы тиіс көліктер оңтүстік астанаға дейін өтіп кетеді екен.

«Қазіргі таңда Қазақстанға заңсыз кіретін автобустардың саны өсіп жатыр. Шонжыдан тоқтамай Алматыға өтіп кетіп жатыр. Сол тұрғыда автобустарды тоқтатып, тексеріп хаттама толтырып, КАТ-тарын алып қалып жатырмыз», — дейді Алматы облыстық көлік бақылау инспекциясының бас маманы Қанат Мәметханов.

Алайда бұдан қытайлық жүргізушілердің қылы да қисаймайтын секілді. Себебі айыппұл көлемі тым аз. Яғни бөтен елге рұқсатсыз кіргені үшін бар жоғы он мың теңге төлейді екен. Ал аспан асты елінде дәл осындай заңсыздық үшін теңгеге шаққанда шамамен бір миллион айыппұл қарастырылған. Сондықтан біздегі заңның осалдығын оңай пайдаланған шетелдіктер заңсыз әрекетін тоқтатар емес.

Төрт күннен бері рейд жүріп жатқанын естігендер енді жолаушыларды алдауға кіріскен. Яғни Алматыдан жолға шыққандарды басқа көлікпен қала сыртына шығарып, ары қарай өз автобустарымен әкетеді екен.

Алайда арнайы рейд барысында бұл әрекеттері де әшкере болды. Түн ортасында жолда қалған жолаушылар алданып қалғандарын біліп шу шығарды.

Базар жағалап, жолаушы жинайтындардың бағасы да арзан. Көк тиын салық төлемейтіндіктен олар Алматыдан-Үрімжіге дейін әр жолаушыдан 8 мың теңге алады екен. Бұдан отандық тасымалдаушылардың кәсібі тұралап қалған. Себебі автовокзалдағы билет бағасы 12 мың теңге.

«Олар базардан кетіп жатыр. Адамның бәрін әкетіп жатыр. Ана жақтан да базардан кетіп қалады. Біз бір айда бір шығамыз. Жұмыс жоқ. Адам жоқ…», — дейді автобус жүргізушісі Раздан Даниал.

Бүгінгі рейд барысында Қытайлық автобустардан бөлек заңға бағынбаған жеңіл көліктер де ұсталды. Аспан асты елінен жарысқа келе жатқан бұл азаматтар темір тұлпарларының терезесін тұмшалап алған екен. Сондықтан сақшылар бір жолға ескерту жасап, күңгірт жабындыларын жұлып тастады.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM