Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Алматының шетіндегі ықшам аудандардағы жолдардың жағдай адам шошындырады (фото)

KAZAKBOL.COM

NUR.KZ порталына хабарласқан Алматы қаласы Алатау ауданының тұрғындары 3 жылдан бері көше зардабын шегіп келе жатқандарын айтады.

Алматының шетіндегі ықшам аудандардағы жолдардың жағдай адам шошындырады (фото)Фотоны тұрғындар өздері түсіріп, редакцияға арнайы жіберді

Себебі, Теректі, Алғабас ықшам аудандарындағы көшелерге тас жол төселмегендіктен қатты жаңбырда, күз бен көктемде жүру мүмкін емес дейді.

«Қазір көктем. Жолдың жиегіндегі барлық қар еріп, көше белуардан батпаққа айналды. Ол былай тұрсын, кейбір жерлер жарты метрге дейін шұңғырланып ішіне су жиналып қалады. Күн сайын сабаққа барған балалардың үсті-басы батпақ болып үйге келеді. Себебі, шұңқырларға су толып қалып, білінбей адамдар ішіне құлап жатыр. Кішкентай оқушылармен қатар қарияларда жүреді ғой көше бойымен. Біз солардың амандығы үшін қатты алаңдаймыз. Бұл өте қауіпті. Адам түгілі, джиппен өтудің өзі мұң», — дейді Айша есімді тұрғын.

Алматының шетіндегі ықшам аудандардағы жолдардың жағдай адам шошындырады (фото)

Алатаулықтар осы мәселені 3 жыл бойы айтып жергілікті әкімдіктің табалдырығын тоздырған, алайда еш нәтиже жоқ. Асфальт жолды армандауды қойған жұртшылық тым құрымаса шұңқырларды жамап, жаяу адам жүргенге ыңғайлап берсе дейді.

Алматау әкімдігіндегілер болса, аталған проблемадан хабардармыз деп отыр.

«Алматы қаласы Автомобиль жолдары басқармасына 2014, 2015, 2016 жылдар аралығында 3 рет ұсыныс айтып, тас жол салу туралы хат жаздық. Сапалы жол салу солардың мойнында. Алайда, аталған аудандарда кәріз құбырлары мен желілері толықтай жүргізілмегендіктен тас жол салу кейінге шегеріліп отыр. Сондықтан да тұрғындарға әлі де болса шыдауларына тура келеді. Ал батпаққа айналған жолдар мен ойылған шұңқырды наурыз айының соңы мен сәуір айының басында ғана жамап, тазалайтын боламыз. Бұл жұмыс сол уақытқа жоспарланған», — деді коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Ертіс Бейсеров.

Алматының шетіндегі ықшам аудандардағы жолдардың жағдай адам шошындырады (фото)

Әкімдік қызметкерінің сөзінше, Алатау ауданындағы 5 елді мекенде көлік түгіл жаяу адам жүре алмайтын 200 шақырым жол бар екен. Олардың да қашан ретке келтіретінін шенділер дөп басып айта алмады.

Алматының шетіндегі ықшам аудандардағы жолдардың жағдай адам шошындырады (фото)
Алматының шетіндегі ықшам аудандардағы жолдардың жағдай адам шошындырады (фото)
Алматының шетіндегі ықшам аудандардағы жолдардың жағдай адам шошындырады (фото)
Алматының шетіндегі ықшам аудандардағы жолдардың жағдай адам шошындырады (фото)

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM