Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Алматының тау бөктерінде заңсыз тұрғызылған мейрамхана сүрілді (фото, видео)

KAZAKBOL.COM

Алматыда тау бөктерінде заңсыз тұрғызылған мейрамхана сүрілді. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Мұндай шешімді Алматы ауданаралық мамандандырылған экономикалық соты шығарды. Аумағы 1600 шаршы метр болатын, құрылысы аяқталмаған ғимарат Алма-арасан шатқалында ешбір заңды құжатсыз салынған.

Ғимаратты сүру жұмыстарын кәсіпкердің өзі жүргізді.

Бұған дейін 2015 жылы шілдеде Оразовқа 792 800 теңге көлемінде айыппұл салынған болатын. Қалалық құрылыс және сәулет басқармасының құрылысты тоқтату туралы қаулысына қарамастан, жеке кәсіпкерлік ғимаратты бұзуға асықпаған. Бұдан соң басқарма тарапынан ауданаралық сотқа арыз жіберілді.

Айта кету керек, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыға сапары барысында әл-Фараби көшесінен жоғары орналасқан таулы аймақтарда құрылыс нысандарын салуды шектеуді тапсырған болатын.

Одан кейін қала әкімі Баурыжан Байбек аталған аумақтағы ғимараттарды салудың жаңа регламентін ұсынды. Енді салынатын ғимараттардың биіктігі 12 метрден аспауы тиіс. Одан асып кеткендер сүрілетін болады.

Алматының тау бөктерінде заңсыз тұрғызылған мейрамхана сүрілді (фото, видео)

Алматының тау бөктерінде заңсыз тұрғызылған мейрамхана сүрілді (фото, видео)
Алматының тау бөктерінде заңсыз тұрғызылған мейрамхана сүрілді (фото, видео)
Алматының тау бөктерінде заңсыз тұрғызылған мейрамхана сүрілді (фото, видео)
Дереккөз: ИА «Казинформ»

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM