Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

АЛМАТЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ КӨМІРМЕН КӨЛІК ЖҮРГІЗЕДІ

KAZAKBOL.COM

Аязды күндерге арналған ноу-хау! Көмірмен тек үйді емес, көлікті де жылытуға болады екен. Алматылық жүргізушінің темір тұлпары осы аптаның трендіне айналды! Несімен дейсіз ғой? Зейнеткер жағар-жанармайды үнемдеу үшін автомобилін кәдімгі көмірмен жылытқан! Ал, от жағатын орынға көлігінің артқы бөлігін лайықты деп тауыпты! Мұндай креативті идея әлеуметтік желі қолданушыларын қыран-топан күлкілі қалдырып, көңілдерінен шыққанымен, қырағы полиция қызметкерлеріне жақпай қалған көрінеді! Тәркіленген көлік айып тұрағынан бір-ақ шықты! Бұл туралы еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Қаласа, көмір салып, жылынып алады
Қаласа, рөлде отырып-ақ шомылып алады.
Көлігің керемет десе, керіліп қалады. Біріншіден көне, екіншіден көзге бірден түсетін бөшкесі, төбесінде тұрған желдеткішІ, алдында оркестрі бар.

зейнет жасындағы Владимир жастайынан темірден түйін түйген. Ауласына барсаң, кеңестік автокөліктердің қаңқасы жиналған көрмесі сияқты. Бар байлығым сол деп біледі.

ВЛАДИМИР ЛИЯН, ЕРЕКШЕ КӨЛІКТІҢ ИЕСІ: «Мәселен, мынау 1948 жылғы БМВ. Алматыдан алғанмын. Москвичім 1954 жылғы. Жамбылдан жеткіздім. Бас аяғы 10-12 көлігім бар».

Әлгінде айтылған атышулы автокөлік бір күнде бірден әмбебап әлденеге айналып шыға келген жоқ. Владимир әу баста көліктің сыртына жазу жазып бастаған. Жұрттың зейінін зейнеткер ескі көлікке емес, сыртындағы қызықты ұйқастарға аудару үшін. Өйткені кезінде аса дәулетті болған азамат тірлігінің берекесі қашқанда, қымбат джиптен түсіп, запорожецке отыруға арланыпты.

ВЛАДИМИР ЛИЯН, ЕРЕКШЕ КӨЛІКТІҢ ИЕСІ: «Қазір жағдайым жақсы емес. Әйтеуір темір-терсек өткізіп, күн көрем. Одан қалса, айып тұрағына алып кеткен автокөлігіммен адамдарды ары бері тасып нәпақа тауып жүргем. Шынымды айтсам, қоғам менің көлігіме осыншалықты қызығушылық танытады деп ойламаппын.

Елді елең еткізіп, еріксіз мойын бұрғызған ескі көлік енді жолға шықпайды. Жұрт қанша жерден зың көлік деп зыңдастырса да, заңдастырылмаған екен. Алты бірдей арқалап айыппұлды, запорожец көшеден ғайып болды.

ЖАМБЫЛ МҰРАТӘЛИЕВТИТР-СНХ: ЖАМБЫЛ МҰРАТӘЛИЕВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
«6 хаттаманың біріншісі Сүйінбай көшесінде маневр жасап, поворотын қоспағаны үшін, екіншісі көлік құжаттары дұрыс рәсімделмегені үшін, үшіншісі осы көлікке мемлекеттік тіркеу нөмірлерін жасап алып, іліп қойғаны үшін. одан басқа көлікті өзі заңсыз қолданғаны үшін».

Қызығы, ғаламторда ел шуламайынша, оған жол сақшылары назар аудармаған. Сөйтсек, Айрықша қозғалыс құралы Алматыны ала жаздай алаңсыз аралап, ақыры айып тұрағына келіп тоқтады.

ЕРДОС ӘЛІМЖАНОВ, АВТОҚАБЫЛДАУШЫ: «Жазда душты қолданыпты, душы міне, оытрады екен, астында сливы бар екен, су ағып кетеді екен. Машинаның пеші ретінде кәдімгі пешті қолданыпты. Кәдімгі отпенен ждағады, оты міне, жанып келді. Мен қөшіріп алдым, өйткені басқа көліктерге қауіп төніп тұрғандықтан».

Адамнан айла асқан ба?! Мына бейнежазба есіңізде болар. Жауын-шашын төрт доңғалақты темір тұрпарларға тұсау салғанда, пысықайлар бас қаламыздың қақ ортасында қайықпен де жүзді. Ол үшін асқан ақыл керек емес.

Ал Шу қаласының тұрғыны қымбат көлікке ақшасы жетпеген соң қолдан құрастырып алды. Қорасында құны 30 млндық Ламборгини тұр. Шаң басып. Құжаты жоқ өйткені. өнертапқыштарды өшіретін осы ғой.

Тоғыз жылын сарп еткізген сары көлігімен бір екі рет жүріп еді, жүргізбеді, заңсыз. Владимирдің де аңсағаны туындысына патент алу. Қазақша айтсақ қолдау.
ГҮЛНАЗ ОҢҒАРБАЕВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ:
«Ол кісінің шығарған өнеркәсіптік үлгілері қоршаған ортаға өте қауіпті болғандықтан ол кісілерге патент берілмеуі әбден мүмкін. Себебі оның ішіндегаз түтіндері, сонымен қатар ашық отты пайдаланғандықтан ол қоршаған ортаға өте қауіпті болып табылады».

Темірқораға қаңтарылған тұлпарды әкету үшін 170 мың теңге төлеу керек. Ал көліктің базардағы бағасы одан төмен. Яғни, жерден жік шықан жүргізуші еңбегін еш, тұзын сор ете ме, әлде, алтын беріп бақыр ала ма — өз еркі.

Ел арасында мынадай бір әзіл бар. Ер аджам әйелінен гөрі көлігін көбірек жақөсы көреджі деген. Ол сөзімізге мына машина нағыз дәілел. Жүргізуші тіпті мынадай күлгін матамен темірлерді тілгілеп, әдемілеп сәндеп көмкеріп қойған. Айта кету керек бқдан бөлек бұл көлікке деген елдің де ықыласы ерек болған кқөрінеді. Оған мына қара қалдаммен жазылған әр түрлі жазулар дәілел. Кейбірі тіпті телефон нөмірлерін қалдырып, басқасы мынадай өзінің ыстық ықыласын білдірген. «Не машина, танк!»,- деп жазып қойыпты. Біз де Еуразия телеарнасының атынан естелік қалдырайық, құр қалмайық.

Первый канал Евразия

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM