Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ғалымдар: Темекі ДНҚ-ны мутацияға ұшыратады

KAZAKBOL.COM

Темекі. Көрнекі фото: ihsan.kz

Ағылшын және Америка зерттеушілері қатерлі ісік генін зерттеу жұмыстары нәтижесінде күніне 20 тал темекі шеккен адамның өкпесіндегі әрбір жасушада жыл сайын орташа 150 мутация пайда болатындығын анықтады деп хабарлайды ihsan.kz.

Зерттеу нәтижесі темекінің себебімен ДНК-да пайда болған өзгерістердің сол күйі қалатындығын көрсеткен. Адам темекі шегуді тастаса да ДНҚ-да пайда болған мутация өзгеріссіз қала бермек.

Тартқан темекі саны мен ДНҚ-дағы мутация саны арасында да тікелей байланыс бар. Осыған байланысты бір күнде орташа бір қорап темекі шеккен адамның өкпесіндегі әрбір жасушасында әр жыл сайын 150, көмейінде 97, аузында 23, қуығында 18, ал бауырында 6 мутация пайда болады екен.

Ғалымдар ең көп мутацияға ұшырайтын ағзаның өкпе екенін ескертіп отыр.

«Science» журналында жарияланған зерттеу жұмысына ағылшын және АҚШ-тан көптеген университет және зерттеу орталықтары қолдау көрсеткен.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM