Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Алып егеуқұйрық үш айлық нәрестені тірідей жеп қойды

KAZAKBOL.COM

Нәрестені кемірген алып егеуқұйрық. Фото: DAN NEWLING

Ескерту: Жүрегі әлсіз адамдарға бұл жантүршігерлік жайт туралы оқуға кеңес бермейміз!

Оңтүстік Африканың Йоханнесбург қаласында алып егеуқұйрық үш айлық нәрестені жеп қойды. Бұл туралы NUR.KZ порталы thesun.co.uk сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

26 жастағы әйел түнге қарай үш айлық нәрестесін үйіне жалғыз тастап, бөтелкелестерімен тойлатуға кетіп қалған. Үйіне келгенде сәбиінің сау тамтығы қалмаған ана баласын біреу тірідей өртеді деп ойлапты.

Баланың жылағанын естіген көршілер де таң ата полицейлерді шақырды. Алайда ол кезде тым кеш еді. Алып егеуқұйрықтар нәрестені тірідей жеп, көзі, тілі, саусақтарына дейін кемірген.

Бұл жантүршігерлік жайттан кейін қан-жоса болып жатқан сәбидің денесін көруге полицейлердің де жүрегі дауаламаған.

Белгілі болғандай, егеуқұйрықтар жеп кеткен қыз баланың егізі бар екен. Анасы кішкентай ұлын өзімен алып, қыз баланы үйіне тастап кете берген. Егіздердің 28 жастағы әкесі жауапсыз әйелінен ұлын алып кетті. Ал қызының қазасына кінәлі ана темір торға тоғытылды.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM