Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Америкалық инвесторлар Ташкент басшысын «рейдерлік жасады» деп айыптады

KAZAKBOL.COM

10 тамызда Ташкенттің Яшнабад ауданында орналасқан Altromark шетел кәсіпорынының өндіріс цехын сүру басталды.

1991-2018 жылдар аралығында Altromark цехында мүгедек арбалары, медициналық техника, тұрмыстық есептеуіштер және басқа да бұйымдар құрастырылған. Үш жылдан бері кәсіпорын соттасып жүр. Өндіріс 3 гектар жерді алып жатыр.

Кәсіпорын қожайындарды цех орналасқан жерді заңсыз тартып алғанын, мұндай рейдерлік әрекеттің артында Ташкент басшысы Жахонгир Артыкхожаев тұр деп мәлімдеді.

10 тамызда өндіріс цехын сүру жұмыстары басталған. Altromark кәсіпорынының директоры Сергей Александровтың айтуынша, 10 тамызда цехқа қала әкімдігінің отызға жуық қызметкері келген.

– Біздің кәсіпорын мен Ташкент әкімшілігі арасында ешқандай заңды келісім жоқ. Мұндай құжатты ноатриус бекітуі тиіс. СОның негізінде ғана шығынды сотта өндіріп алуға болады. Бірақ мұндай құжат жасалмаған! – дейді Сергей Александров.

Кәсіпорын мүддесін қорғаушы танымал адвокат Сергей Майоров Өзбекстанның Жоғарғы сотын және соттың басқа да инстанцияларын астана әкімдігінің қысымымен заңсыз шешім шығарғаны үшін айыптады.

– Жер мемлекет қажетіне алынса, онда Altromark жерді мемлекетке беруі керек. Бірақ үкіметтің жерді алу тәртібі бекітілген қаулысы бар. Бірақ билік кәсіпорынға ешқандай өтемақы бермей отыр, – дейді Майоров.

Altromark Ташкент әкімдігімен 2018 жылдан бері соттасып келеді.

Жахонгир Артыкхожаев Өзбекстандағы ең бай кәсіпкерлердің бірі. Астана басшысының Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев пен оның отбасына жақындығы бар.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM