Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қанат Ислам Бүкіләлемдік бокс кеңесінің рейтингінде екі сатыға көтерілді

KAZAKBOL.COM

Қанат Ислам. Фото: Интернет желісінен

Бірінші орта салмақтағы WBO NABO және WBA Inter-Continental титулының иегері Қанат Ислам (24-0, 19 КО) Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) тамыз айындағы рейтингінде екі сатыға көтерілді деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жаңартылған рейтингіде Қанат 21-ші орында, ал қарсыласы Брэндон Кук (18-0, 11КО) 19-шы орынға жайғасқан. Екінші жартылай жеңіл салмақтағы WBC International титулының иегері Бекман Сойлыбаев 25-ші орыннан, бірінші ауыр салмақтағы Иса Ақбербаев 37-ші орыннан көрінді.

Айта кетейік, Қанат Ислам WBC ұйымының рейтингіне алғаш рет ағымдағы жылдың маусым айында ілігіп, 25-ші орында болған. Ал шілде айының жаңартылған рейтингісінде Қанат 23-ші орынға жайғасқан.

Бұл күнде Қанат бірінші орта салмақта WBA нүсқасы бойынша Inter-Continental және Fedelatin, WBO Inter-Continental және NABO титулының иегері атанып отыр. Ал бұл салмақта WBC және IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы америкалық Джермелл Чарло және Джарретт Хёрдке, WBA және IBO тұжырымы бойынша супер чемпион және тұрақты әлем чемпионы титулы кубалық Эрисланди Лараға тиеселі.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM