Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

АПАТҚА КЕЗЕКШІ КІНӘЛІ МЕ?

KAZAKBOL.COM

Шамалған стансасындағы автобус пен пойыз апатына қатысты іс бойынша басты сот отырысы басталды. Тергеу қортындысына қарағанда темір жол өткеліндегі кезекші кінәлі деп танылған. Егер айыбы дәлелденсе 60 жастағы Досбатыр Ахметжанов 7 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Тергеу мәліметтері бойынша жол апатына кінәлі деп танылған теміржол өткеліндегі кезекші пойыздың жақындағанын біле тұра, бастапқыда автобус өткелден өтіп үлгереді деген көзқараста болыпты. Бірақ іс насырға шабатын болғандықтан шұғыл әрекет етуге талпынған. Алайда апаттың алдын алып үлгере алмаған.

САМАТ ШАМОВ, МЕМЛЕКЕТТІК АЙЫПТАУШЫ:
“Ахметжанов Досбатыр 1960 жылы туған. Орындайтын жұмысына және атқаратын лауазымына байланысты осы қағидаларды сақтауға міндетті адам бола тұра теміржол көлігінің қауіпсіз қозғалысы ережесін бұзды. Бұл абайсызда адам өліміне және адам денсаулығына ауыр және ауырлығы орташа зиян келтіруге содай-ақ ірі залал келтіруге әкеп соқты. Демек ол ҚР ҚК 344 бабының 2 бөлігінде көрсетілген қылмысты жасаған”.

Куәгерлер автобус өткелге таяған кезде шлагбауымның ашық болғанын айтады. Кептеліс болғандықтан автобус 10-15 минутта жарты метрден қозғалған көрінеді. Пойыз әбден таяғанға дейін ешқандай дабыл белгілерін естімегендерін айтады. Пойыздың дауысы шыққанда жолаушылар жанұшыра сыртқа шыуға ұмтылған.

КУӘГЕР:
“Есік қанша уақыт екенін білмеймін ашылмады да автобустың есігі. Одан кейін қашып шығып үлгердік бәріміз. Енді алдыма кішкентай қыз келіп қалды. Соны алып шықтым да переезге шығардым да өзім де қашып бара жатырмын”.

Дәл осы кезде келіп локомотив автобусты бүйірінен соғып, барып әрең тоқтаған. Ал «Қазақстан темір жолы» компаниясының өкілдері тергеу қортындысымен келіспейді. Өткелдегі кезекші заңға сай әрекет еткенін айтады. Арнайы комиссия да «кезекшінің әрекеті дұрыс» деген қортындыға келіпті. Жол көлік апаты автобус жүргізушісінің кесірінен болған. Пойыздың тежегішті басқаннан соғылғанға дейінгі қашықтық 700 метрге жуық екен.

СҰЛТАН БОРАНБАЕВ ҚТЖ ЖОЛ ҚАШЫҚТЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
“Тоқтап қалғанын көріп тұр ғой бізде кнопка загораждения деген бар. Оны басса светафор қызыл жанады. Сол пломбасын жұлады. Крючогын артқа лақтырады. Кнопкасын басады. Оған тағы 5 секундт кетеді. Ол кезде пойыз жүріп келе жатады. Пойыздың жылдамдығы 97 шақырым. Мен білмеймін неге екенін ол сол скоростьпен жүре береді. Бұл сол кезде алдына жүгіріп шығады”.

Айыпталушының қорғаушысы да кезекшінің әрекетінде заңға қайшы дүние болмағанын айтып, оны босату туралы сотқа өтініш беретінін жеткізді.

ШАМИЯН ЖАЙЫЛХАНОВ. СОТТАЛУШЫНЫҢ ҚОРҒАУШЫСЫ:
“Прокуратура жасалған мамандардың, куәлардың айтуы бойынша бұл жерде сонымен де Қазақ Тынышбаев атындағы коммуникация және байланыс академиясының берген бір топ оқымыстылары профессорларының берген қорытындысы бойынша Ахметжановтың жасаған әрекеті Ақсеңгір-Шамалған теміржол өткелінде дұрыс”.

Егер теміржол өткеліндегі жол-көлік апаты кезекшінің кінәсінен болғаны дәлелденітін болса, 60 жастағы Досбатыр Ахметжанов алдағы жеті жылын темір торда өткізуі мүмкін. Онымен қоса тараптарға келтірген 10 миллион теңге шығын көлемін де өтеуге міндеттелуі ықтимал.

Первый канал Евразия

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM