Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Apple корпорациясы Pegasus тыңшы бағдарламасын дайындаған израильдік компанияны сотқа берді

KAZAKBOL.COM

Apple корпорациясы Pegasus тыңшы бағдарламасын дайындаған израильдік NSO Group компаниясымен соттасады. Apple өкілдерінің айтуынша, NSO Group компаниясы iOS құрылғысына вирус жұқтыру арқылы қолданушыларға тыңшылық орнатқан.

Apple құрылғыларының осал тұсын киберқауіпсіздікпен айналысатын The Citizen Lab канадалық зерттеу тобы анықтаған. Зерттеу нәтижесіне қарағанда, Pegasus бағдарламасын дайындау барысында израильдік компания PDF файлдармен жұмыс істеу кезінде қорғаныстың осал болуын пайдаланған.

Apple корпорациясы NSO Group компаниясының бағдарламаларын Apple сервистері мен құрылғыларына орнатуға тыйым салуын сұрады.

Биыл шілде айында Forbidden Stories ұйымы мен бірнеше БАҚ израильдік компанияның бағдарламалары журналистер мен мемлекет басшыларына тыңшылық орнатқаны жөнінде хабарлады. Олардың арасында Франция президенті Эммануэль Макрон да бар.

NSO Group өкілдері бұны жоққа шығарып, бағдарламасын террористермен күресуге арналған деп мәлімдеді.

Pegasus бағдарламасы ұялы телефонды сілтеме көмегімен бұзып, электронды хаттарды, әңгімелерді және хабарламаларды құпия түрде көшіріп алады.

CNN, Associated Press, Voice of America, New York Times, Wall Street Journal, Bloomberg News, Le Monde, Financial Times және Al Jazeera журналистерінің ұялы телефондары Pegasus бағдарламасының көмегімен бұзылғаны анықталды. Бұған қоса, тізімде 65 кәсіпкердің, 85 құқық қорғаушының, 600-ден астам саясаткердің телефон нөмірі болған.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM