Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Алматы полициясы рейдерлікке шағымданған кәсіпкердің әйелін сотқа берді

KAZAKBOL.COM

Алматы полициясы қамалған кәсіпкер Алмас Әбдіғаппаровтың әйелі Ольга Әбдіғаппараваның үстінен сотқа шағым түсірді. Ол күйеуі ұсталғаннан кейін полиция басшылығын «ақша бопсалады» және «рейдерлік жасады» деп айыптаған.

Жергілікті Parmigiano Group мейрамхана желісі мен Esentai City тұрғын үй жобасының негізін қалаушы Алмас Әбдіғаппаров 24 шілдеде Алматыда 420 млн теңгені (сол кездегі валюта бағамы бойынша шамамен миллион доллар) жымқырды деген күдікпен ұсталған. Екі күннен кейін сот оны екі айға қамады. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Әбдіғаппаровтың үстінен арызды AV Construction құрылыс компаниясының басшысы жазған. Әбіғаппаров кезінде сол компания директорының орынбасары болған.

Күйеуіне қозғалған іс қолдан ұйымдастырылды деп санайтын кәсіпкердің әйелі Ольга Әбдіғаппарова өткен айда Инстаграм желісінде президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеомәлімдеме жасаған. Онда ол Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов пен орынбасары Рүстем Әбдірахмановты заңсыздық жасады деп айыптаған.

Ольга Әбдіғаппарованың айтуынша, полицейлер күйеуінен бір күн ішінде 4,5 млн доллар тауып беруді талап еткен, әйтпесе қамалатынын айтқан.

«Алмас мұндай шартты орындаудан бас тартты. Одан соң Алматы қалалық полиция департаментінің басшылығы прокуратура және соттың көмегімен қоқан-лоқы жасап, күйеуімді екі айға қамады. Осы уақыт бойы маған және Алмастың ата-анасына орасан психологиялық қысым жасалды» деді Әбдіғаппарова.

Полиция өкілдері Әбдіғаппарованың бопсалау және рейдерлік жолмен басып алу туралы мәлімдемесін «бос сөз және шындыққа сәйкес келмейді» деп атап, «ар-намыс, абырой және іскерлік беделді қорғау» бабы бойынша шағым түсіретінін айтты.

«Қажетті сараптаманы тағайындадық, нәтижесі де қолымызда, сотқа бердік» деді 23 қарашада Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.

Елдегі 20-дан астам мейрамхана, сонымен бірге қонақ үйлердің иесі Алмас Әбдіғаппаров ұсталғаннан кейін жергілікті бизнес-қауымдастық мүлікті қайта бөлісу талпынысы жөнінде хабарлаған. Кәсіпкерлер әлеуметтік желіде қамалған әріптесін қолдады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM