Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қарағанды облысында шылым тартуға шыққан пойыз жолаушысы өлі күйінде табылды Толығырақ

KAZAKBOL.COM

Бір апта бұрын іздеу жарияланған ер адам теміржолға жақын маңнан табылды.

Сарыағаш-Астана бағытындағы пойызға отырған ол станциялардың біріне шылым тартуға шығады. Содан бері оны ешкім көрмеген. Туыстары әлеуметтік желілерде ол туралы ақпарат таратып, полицияға хабар берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Туысының айтуынша, Жамбыл облысының 52 жастағы тұрғыны Шахар Әмірқожаев 17 ақпанда Астанаға дейін пойызға отырады. Ал 18 ақпанда ер адам темекі шегу үшін Сарышаған станциясына түсіп, сол күйі вагонына оралмаған.

Бүгін, 29 ақпанда Әмірқожаев 11 күн бұрын түсіп қалған станциядан ондаған шақырым қашықтықта өлі күйінде табылды. Ер адамның денесі теміржолға жақын маңда жатқан. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Соның нәтижесі арқылы ер адамның өлу себебі анықталады. Полиция тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

 


 

 

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM