Зардап шеккен автобус
Ірі жол апаты Қарағанды облысындағы қалааралық бағыт кезінде орын алған.
Облыс ІІД ақпараты бойынша, алдын ала болжам бойынша «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының автобус жүргізушісі жол-көлік апатының орын алуына себепкер болған.
Аталған компания автобусында отырған 10 адамның арасында зардап шеккендер жоқ. Керісінше, «Қарағанды-Шахтинск» бағыты бойынша келе жатқан №121 қалааралық автобуста болған 30 адамның жетеуі зардап шеккен. Олар жедел түрле ауруханаға жеткізілген.