Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығында үздік сержанттар анықталды

KAZAKBOL.COM

Жеке дайындықты жақсарту және сержанттардың беделін көтеру, әскери қызметшілердің жетістіктері мен әскердегі озық тәжірибелерін насихаттау мақсатында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 36803 әскери бөлімінде барлық деңгейдегі сержанттар арасында сайыс өткізілді.

Әскери қызметшілер жақсы нәтижелерді көрсете отыра, сержанттар корпусының жауынгерлік даярлық жүйесіндегі маңыздылығын тағы бір дәлелдеді.

Аталмыш конкурс 36803 әскери бөлімінің аумағында өтті. Бес күн ішінде өңірлік қолбасшылықтың ең мықты сержанттары сайысқа түсіп, «Үздік батальон сержанты», «Үздік рота сержанты», «Үздік взвод сержанты» және « Үздік бөлімше сержанты» номинацияларында бақ сынасты.

Жарыс барысында байқауға қатысушыларға өздерін «БІЛІМПАЗ» әскери-кәсіби дайындықтан, РХБ қорғаудан «ҚОРҒАУ», «МЕРГЕН» атыс дайындынан, «ДЕНСАУЛЫҚ» әскери-медициналық дайындығынан, «БАҒДАР» әскери топографиядан, «БАРЫС» әскери қоян-қолтық ұрыстан, «ҚАЙСАР» әскери-спорттық жарыстан, сондай-ақ «СЕРІ» әдеби-көркем сайысы сияқты сайыстарда өздерінің шеберлігін көрсетті.

Конкурс нәтижесі бойынша «Үздік бригада сержанты» атағын 27943 әскери бөлімінен 1 сынып сержанты Болат Құдабеков иеленді, «Үздік батальон сержанты» атағын 28738 әскери бөлімінен 3 сыныпты сержант Қайырбек Сағымбеков иеленді, «Үздік рота сержанты» мен «Үздік взвод сержанты» атағы 10810 әскери бөлімінің әскери қызметшілері аға сержант Айдос Керімбеков пен сержант Дархан Аслан атанды, ал 40398 әскери бөлімінен кіші сержант Мадияр Бекенов «Үздік бөлімше сержанты» номинацияларында жеңімпаз атанды.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының сержанты — 1 сыныпты сержант Мирбек Рахымбековтың айтуы бойынша: «Біз жыл сайын осы конкурстың деңгейі мен сержанттардың көрсеткіштерін жақсартуға барымызды саламыз келеміз. Бүгінгі күні, сержант корпусы «мен сияқты жаса, менен де жақсы жаса» ұранымен жеке құрамды алға жетелеп, өңірлік қолбасшылықтың қуатын арттыруға өз септігін тигізіп келеді».

Конкурс соңында жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды. Сонымен қоса, әр тақырыптағы үздік сержанттарда назардан тыс қалмады.

Бүгінгі күні «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы сержанттар құрамы, жеке құрамның жауынгерлік және дене даярлығындағы, жоғары әскери тәртіпті ұстаудағы, күнделікті әскери қызмет үрдісін қадағалаудағы алатын орындары зор.

Пресс-служба Регионального командования «Восток»
По дополнительным вопросам обращайтесь, 
контактные телефоны 8 747 209 39 22 (What»s up) 
                                             8 778 616 48 84  (What»s up)
8 778 147 54 25

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM