Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Байденді құтқаруға көмектескен ауған аудармашысы эвакуацияланды

KAZAKBOL.COM

АҚШ әскерінде жұмыс істеген аудармағы Аман Халили мен оның отбасы Ауғанстаннан көшірілді. Олар әуелі Пәкістанға жетіп, сол жерден қауіпсіз елге өткен, деп хабарлады ABC News.

2008 жылы Халили АҚШ президенті Джо Байденді құтқаруға көмектесті. Сол кезде Байдан сенатор болған.

Байден мен тағы екі сенатор Ауғанстанға сапарлап келген. Олардың тікұшағы қарлы боранға тап болған. Бірнеше адам оларды құтқаруға аттанған. Солардың арасында Халили де болған. Құтқарушылар сенаторларды қауіпсіз ауданға алып шыққан.

2021 жылғы тамызда АҚШ әскерге көмектескен ауған азаматтарын эвакуациялаған уақытта, Халили арнайы иммиграция визасын ала алмаған. Содан кейін ол Байденге америкалық БАҚ арқылы өтініш жасады. «Мені және отбасымды құтқарыңыз», — деп жазды аудармашы.

Халили мен тағы екі жүз ауған азаматын «қауіп аумағынан» алып шыққан Human First Coalition ұйымы Пәкістан премьер-министрі Имран Хан мен АҚШ мемлкеттік департаментінің бірнеше қызметкеріне көмегі үшін алғыс айтты.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM