Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қарағандыда «Сирияға кетпек болған әйел» 9 жылға сотталды

KAZAKBOL.COM

6 ақпанда Қарағанды өңірінің тұрғыны 30 жастағы Жансая Т есімді келіншек «террористік ұйымдарға жасы кәмелетке толмағандарды тартты» деген айыппен 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

Тергеу ісінің мәліметі бойынша, сотталушы «Ислам мемлекеті» террористік ұйымның құрамына кіріп, Сирияға өзімен бірге кәмелетке жасы толмаған туысын алып кетпекші болған.

Қорғау тарапы мен сотталушының өзі сот ісі кезінде көптеген заң бұзушылықтар орын алды дейді. Жансая Т. соттан өзін босатуын сұрап, ол тек ұлттық қауіпсіздік комитеті департамент қызметкерінің (ҰҚКД) нұсқауы бойынша жұмыс істегенін айтқан. Ол террористік ұйымға кіруге ойында болмағанын айтқан.

«ҰҚКД қызметкері бір адамның сеніміне кіруді көндірді. Сол адам үшін менің күйеуім ұсталған. Мен үш қалада комитет қызметкерлерінің бақылауында болдым. Олар менің ізімнен түсіп, әлгі адам жөнінде үнемі ескертіп отырды. Осының бәрін тоқтату үшін, мен ҰҚКД қызметкерлерінің айтқанын орындап, тәуекелге бардым. Әлгі адам үшін менің отбасым зардап шекті. Мен оны іздеуді жөн көрдім. Менің мақсатым, оны арнайы қызметке тауып беру болды. Бірақ менің кәмелетке толмаған туысымды алып кетпекші болды дегені жалған. Мен кетпекші болғанда, мені ұстады», — дейді айыпталушы ақтық сөзінде.

Жансая Т. 2017 жылдың қыркүйек айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері тарапынан ұсталған.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM