Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қарағандылық мүгедек жігітті Үндістанға тегін ем алуға шақырды

KAZAKBOL.COM

Осыдан бірнеше жыл бұрын жарақат алып, мүгедек болып қалған Нияз өзіне көмек ретінде көпшіліктің жинаған 5,5 млн теңгесін науқас балалардың шұғыл еміне аударған болатын.

Бүгінде жігітті Үндістанда тегін ем алуға шақырып отыр.

«Бүгінгі күн мен үшін ғажайып жаңалықтарға толы болды. Солардың бірі — Нияз Сүндеталиевтің өз еміне жиналған бар қаражатын Қайырымдылық үйі қорына аударуы. Нияз науқас балаларға жанашырлық танытып, өзінен де жағдайы мүшкіл жандарға үлкен көмек жасады. Сол себепті, біз, MedIndia емханасымен бірігіп, Ниязды Үндістандағы Фортис емханасында 30 күндік емделу курсынан тегін өтуге шақырып отырмыз. Барлық шығынды өзіміз өтейтін боламыз. Ол біздің шақыртуды қабылдаса, шексіз қуанамын, дәрігерлер оның айығуына бар күшін салады деп үміттенемін. Мен жақсылықтың өзіңе еселеп қайтатынына сенемін. Ал Нияз әлі талай балаларға көмектесетініне сенімдімін. Ол ғажайып жан», — дейді Анна Вербина Facebook-тегі жеке парақшасында.

Еске салсақ, Нияз Сүндеталиев науқас балаларға 5,5 млн теңге аударған болатын.

Дереккөз: Nur.kz

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM