Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Қарағандылық жігіт автобуста ұнатып қалған аруды жан ұшырып іздеп жүр

KAZAKBOL.COM

Көрнекі фото: nasha-yarmarka.kz

Жігіттер енді бір көріп ұнатып қалған аруын редакция арқылы іздей бастады. Дәл осындай жағдай Қарағандыда орын алған деп хабарлайды «Наша Ярмарка» басылымына сілтеме жасап NUR.KZ порталы.

Сергей есімді жігіт редакциядан көре сала ұнатып қалған бейтаныс аруды табуға көмектесуін сұрапты. Бір қызығы, ер азамат арудың жасы түгілі есімін де білмейді.

«Оның есімі кім және жасының нешеде екенін білмеймін, бірақ онымен жолығудан үміттімін.

Оқиға былай болған, біз көп уақыттан бері бір қоғамдық көлікте жүрдік. Ол автобустың терезе тұсында тұратын, орындыққа отырмайтын. Мен оның қасына жақындап тұрғаныммен сөйлесуге сол күйі мүмкіндік болмады», — деп әңгімесін бастады жігіт.

«Ол ару Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде оқиды. Мен оны оқу орнына да іздеп барып, деканатына соқтым. Тек ондағылар мені қуып шықты. Өйткені мен бойжеткеннің есімін де білмеймін ғой.

Бірнеше күн бойы университ ғимаратының сыртында оны тосып та тұрдым. Бірақ оны көрмедім. Мүмкін ол сырқаттанып қалды ма, әлде өмірінде келеңсіз бір жағдай орын алды ма екен? Егер расымен сондай болса, мен оған көмектескім келеді.

Сүйкімді ару, егер сен осы хатты оқып отырсаң, бұл мен – гүлді шарфтағы жігіт (арудың өзі түсінеді). Мен ешқандай да қаныпезер емеспін, менен қорқудың қажеті жоқ. Мен бар болғаны сені сағындым, өзіңді тағы да көргім келеді. Дос болайықшы!», — деген Сергей бұл мәлімдемесіне арудың бей-жай қалмайтынынан үміттеніп, өзінің байланыс нөмірін редакцияға қалдырғанын жеткізді.

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM