Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қытай ковидтің зертханадан шыққаны туралы болжамды тексеруден бас тартты

KAZAKBOL.COM

Қытай коронавирустың қайдан шыққаны туралы зерттеудің екінші сатысы бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен (ДДСҰ) әріптестік жасаудан бас тартты. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

«Екінші сатының жоспары ақылға сыймайды және ғылымға қарсы», — деген Қытайдың Гигиена және денсаулық сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік комитеттің төраға орынбасары Цзень Исинь.

Екінші саты аясында халықаралық зерттеушілерге Ухань қаласындағы зертхана мен базарларға кіруге рұқсат берілу керек болған. Олар вирус зертханадан тараған деген болжамды тексермек.

Бейжің мұндай болжамды теріске шығарып, коронавирус Қытайға тоңазытылған азық-түліктермен шетелден алып келінген деген болжамды тексеруді ұсынып келеді. ДДСҰ зерттеуінің бірінші сатысында Бейжің көпке дейін ұйым мамандарын елге кіргізбей, олар сұраған құжатты бермей келген.

Ухань қаласында коронавирустарды зерттеу бойынша әлемдегі ең ірі орталықтардың бірі орналасқан. Қалада COVID-19 вирусына ұқсас деп есептелетін пневмонияның SARS үлгісі зерттеліп келеді.

Мамыр айында The Wall Street Journal газеті америкалық арнайы қызметтің құпия баяндамасына сілтеме жасап, Қытайдың Вирусология институтында жұмыс істеген үш ғалым коронавирус туралы алғашқы ақпарат шыққан кезде (2019 жылы қарашада) қатты ауырғанын жазған. COVID-19 вирусын жұқтырған алғашқы науқас зертхана қызметкері болғанын Fox телеканалы 2020 жылы сәуір айында хабарлаған.

Бұдан бөлек Қытай пандемия туралы мәліметті ұзақ уақыт жасырды деп айыпталып келеді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM