Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Армения мен Әзербайжан бір-бірінің аумақтық тұтастығын мойындауға келісті

KAZAKBOL.COM

Армения мен Әзербайжан бір-бірінің аумақтық тұтастығын мойындауға келісті. Бұл туралы Армения премьер-министрі Никол Пашинян ЕАЭО кеңесінің отырысында мәлімдеді.

Пашинянның айтуынша, Армения көлік және экономика дәліздерінің бәрін ашып, Әзербайжанен аймақтық байланыс орнатуға әзір.

Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиев болса «Баку мен Ереван бейбіт келісімге келуі мүмкін, оның үстіне Армения Қарабақты Әзербайжанның бір бөлігі ретінде мойындады» деп мәлімдеді. Әлиев Әзербайжанның Арменияға жерге қатысты талабы жоқ екенін де айтты.

«Коммерсант» мәліметінше, Армения мен Әзербайжан басшыларының келіссөздері нәтижесінде екі құжатқа қол қойылады. Оның бірі көлік байланысын қалпына келтеруге қатысты. Ал екінші құжат — Әлиев, Пашинян және Владимир Путиннің екі елдің аумақтық тұтастығын тану жөніндегі бірлескен мәлімдемесі. Мұндай мәлімдемеге Армения мен Әзербайжан басшылары бесінші рет қол қойып отыр, деп жазды басылым.

Армения мен Әзербайжан арасында Таулы Қарабақ төңірегіндегі шиеленіс 1980 жылдары, Совет одағы ыдырай қоймаған тұста басталған. Бұл аумақта армян ұлтының өкілдері тұрған, бірақ жер Әзербайжанға тиесілі болған. Сол жылдардағы соғыс нәтижесінде Армения Таулы Қарабақтың едәуір бөлігін басып алған.

2020 жыл күздегі алты апталық соғыста Әзербайжан сол жерлерді қайтарып алды. Соғыс Ресейдің бітімгер әскерінің кіруімен аяқталды.

Содан бері екі ел басшылары бейбітшілік келісімін жасасу мақсатында бірнеше мәрте кездескен.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM