11 сәуірде Армения мен Әзербайжан шекарасында атыс болды. Екі жақта да қаза тапқандар мен жараланғандар бар екенін мәлімдеді.
Армения қорғаныс министрлігі атыс Сюник облысының Тех ауылында болғанын мәлімдеді.
«11 сәуірде 16:00 шамасында Әзербайжан қарулы күші Тех ауылында жүргізіліп жатқан инженерлік жұмысқа оқ атқан. Армения да қарсы жауап берді», — делінген мекеме мәліметінде. Армения қайтыс болғандар бар деді.
Әзербайжанның қорғаныс министрлігі Армения қарулы күші Лачин ауданындағы әзербайжан армиясына қарсы оқ атты деп мәлімдеді.
«Тех ауылы жақтан оқ атылды. Әзербайжан қарулы күші де қарсы жауап берді», — делінген Әзербайжан қорғаныс министрлігі таратқан мәлімдемеде. ТАСС хабарлауынша, үш адам қайтыс болған.
Армения мен Әзербайжан арасында Таулы Қарабах үшін тартыс 1980 жылдардан бері жалғасып келеді.
2020 жылдың қыркүйек айында Әзербайжан Таулы Қарабақтағы өзіне тиесілі жерді және Шуша қаласын қайтарып алған. Келесі күні Ресейдің араағайындығымен Армения мен Әзербайжан бейбіт келісімге келген.
KAZAKBOL.COM