Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Арменияда ер кісі көзіне шөп салған әйелін пышақтап өлтірді

KAZAKBOL.COM

Арменияның Алаверди қаласының тұрғыны Самвел Степанян қызғаныштан әйелін пышақтап өлтіргені үшін 9 жылға бас бостандығынан айрылды.

Бұл туралы News.am ақпарына сүйенген ras.kz хабарлады. Айыптау қорытындысы материалдарына сәйкес, оқиға өткен жылғы шілде айында орын алған. Онда Самвелдің әйелі Серинаны 10 жеріне пышақ салып өлтіргені айтылады.

Сотта Самвел Степанян өзінің айыбын мойындады. Оның айтуына қарағанда, Ресейде табыс табу мақсатында жұмыс істеп жүргенінде «Однокласники» желісі бойынша әйелінің көзіне шөп салып жүргені туралы хабар алады. Осыдан кейін Алавердиге шұғыл оралған ол зайыбының өзін тастап, ұлын алып, үйден кетіп қалғанын біледі. Оның көңілдесі бар екені де, енді бұдан ажырасқысы келіп жүргені де анықталады.

Күйеуінің қайта-қайта жалынып, көндіруінен кейін келіншек пен ұлы үйге оралады. Бірақ, сотталушының айтуынша, әйелі осыдан кейін де көңілдесімен кездесуін жалғастыра берген.

Кісі өлімі орын алатын күні Самвел Степанян әйеліне кофе дайындап тұрып, оның телефонмен әлдекімге «Менің есегім маған кофе дайындап жатыр» дегенін естіп қалады. Осыдан кейін өзін өзі ұстай алмаған еркек дереу пышақтың көмегіне жүгінеді.

 


 

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM