Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Арменияның алғашқы президенті премьер-министр Пашинянға «ұлт мүддесі үшін» қызметтен кетуге кеңес берді

KAZAKBOL.COM

Мемлекеттік, халықтың мүддесі үшін тығырықтан шығатын жалғыз жол — премьердің өз еркімен қызметтен кетіп, біраз уақыт шетелді паналауы.

Арменияның алғашқы президенті, «Армян ұлттық конгрессінің» (АҰК) жетекшісі Левон Тер-Петросян ilur.am сайтында жарияланған мақаласында осылай деп мәлімдеді.

Тер-Петросянның пікірінше, мұндай жағдайда премьер-министр міндетін ешқандай партияға кірмейтін вице-премьер атқаруы тиіс, сонда ғана ол әділ сайлау ұйымдастыра алады.

АҰК жетекшісі оппозициялық «Отанды құтқару қозғалысы» атынан премьер-министрлікке ұсынылған Вазген Манукянның мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді.

«Вазген Манукян ішкі саяси дағдарыстан шығудың үш нұсқасын ұсынды: әскери төңкеріс; халықтың қысымымен премьер-министрді қызметтен алу; премьер-министрдің кезектен тыс сайлауға жол бермеуі.

Алайда ол бірінші нұсқаның Конституцияға қайшы екенін, әскердің оппозиция қысымына қарамастан, мұндай ұсыныстан бас тартқанын ескермейді», – деді Тер-Петросян.

Армения Таулы Қарабах үшін Әзербайжанмен соғыста жеңілген соң, оппозиция Пашинянның қызметтен кетуін талап етіп отыр. Оппозициялық партиялар коалициясы Ереван мен басқа да өңірлерде үкіметке қарсы шерулер ұйымдастырып жүр. Пашинян биліктен кетуден бас тартты.

Тер-Петросян 1991-98 жылдары президент қызметін атқарды.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM