Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

АРМИЯЛЫҚ ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСТАН ГАНИЗОН БАСТЫҒЫНЫҢ КУБОГЫНА АШЫҚ ТУРНИР (фото)

KAZAKBOL.COM

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құрметіне орай, сонымен қоса Қорғаныс министрінің әскери бөлімдерде қоян-қолтық ұрысты жетілдіру бойынша нұсқауына, өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында 27943 әскери бөлімінде Өскемен гарнизоны бастығының кубогына армиялық қоян-қолтық ұрыстан «Қазақ жауынгері» ашық турнирі өткізілді.

Аталған жарыста «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының, ҚР ҰҚК шекара қызметінің, Ұлттық ұланнан, Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің және «Титан» спорттық клубының 100 жуық спортшылары қатысты.   Жалпы 7 салмақ дәрежесінде 9 команда бақ сынады.

Ашық турнирдің құрметті қонақтары болып «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал – майор Кашаганов Нұрлан Мусаканович, Өскемен гарнизонының әскери прокуроры әділет полковнигі Тореханов Серик Байболатович, ШҚО бойынша ІІД арнайы бөлімшесінің командирі полиция майоры Бегембаев Руслан Сейткалиевич, бокс ардагері Жакупов Гани Кабысович, Қорғаныс істері жөніндегі Департамент бастығы полковник Кайырханов Қайырбек Сайлаубекұлы және ҚР ҚК ардагерлері шақырылды.

Спорттық жарысқа 500-ге жуық көрермен жиналып, спортшылардың қызықты тартысын тамашалады.

Жарыс қорытындысы бойынша Өскемен гарнизоны бастығының ауыспалы кубогын Семей гарнизонының 44736 әскери бөлімі жеңіп алса, спорттық доданың үздік спортшысы атағы 28738 әскери бөлімінің әскери қызметшісі ефрейтор Дуйсембаев Бақытжан Бауыржанұлына бұйырды.

Бұл жарыстың Өскемен гарнизонында алғаш рет өткізіліп тұрғанын атап өту қажет.

Жарыс жеңімпаздары үшін 27943 әскери бөлімі мәдени демалыс орталығының сержанты Нұрғалиева Сәнияның бастамасымен көркемөнерпаздар концерті ұйымдастырылды.

Сонымен қоса, дәл сол күні 27943 әскери бөлімінің әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелеріне арналған сырғанақ ашылды. Сырғанақ салтанатты түрде бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Ергалиев Асыл Ерғалиұлы және көпбалалы әке, тәрбие бөлімінің аға офицері капитан Малғаждаров Нұржан Бақытқазыұлы ашты.

АРМИЯЛЫҚ ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСТАН ГАНИЗОН БАСТЫҒЫНЫҢ КУБОГЫНА АШЫҚ ТУРНИР (фото)
фото Пресс-службы регионального командования «Восток»

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM