Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

«АрселорМиттал Теміртау» жұмысшыларының жалақысын өсіруге уәде берді

KAZAKBOL.COM

Қарағанды облысындағы шахталар мен металлургия комбинаттарының иесі «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы 1 шілдеден бастап жұмысшыларының жалақасын өсіретінін мәлімдеді.

АМТ жалақы өсіру туралы шешім қабылдағанда тау-кен саласындағы «табыс көлемін саралап», «азық-түлік, басқа да тауарлардың, коммуналдық қызмет құнының қымбаттауын» ескерген. Бұл шешім кәсіподақтармен талқыланған.

«Жалақы өсіру біртіндеп, ай сайын 20 мың теңгеден я айлық табысының 6 пайызы мөлшерінде қосылады» деп хабарлады компания ресми сайтында.

Осыған дейін АМТ бас директоры Биджу Наир да жалақы өсетінін айтқан.

Компания «әлеуметтік қосымша қолдау үшін» шілденің басында жұмысшыларға бір реттік 150 мың теңге төлейтінін мәлімдеді.

АМТ жалақы өсіру шешімін компанияда түрлі оқыс оқиғалар мен адам өлімі жиілеген тұста қабылдады.

Мамырдың соңында Теміртаудағы металлургиялық комбинатта оқыс оқиға болып, екі жұмысшының денесі күйіп, ауыр халде ауруханаға түскен. Осыдан соң желіде тұрғындар мен блогерлер комбинаттар мен шахталардағы жұмыс жағдайының нашарлығын айтып, дабыл қаққан.

2018 жылы АМТ комбинатында болған апаттан соң мәжіліс депутаты Альберт Рау жағдайға алаңдап, премьер-министрге қайырылған. Депутат «кен орнын жаңалау мен оны жөндеуге жеткілікті қаржы бөлінбегендіктен апат болып жатыр» деген.

Сол кезде министрлер кабинеті «АМТ компаниясының жұмысы үкіметтің бақылауында» деп мәлімдеген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM