Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қаршадай қыз теріс ағымдағы әкесінің бар шындығын жайып салды

KAZAKBOL.COM

Көрнекі фото: dw.com

Facebook парақшасы арқылы Ермек Құрманғалиев хиджип киген қыздың тағдырын баяндады. Мектеп оқушысы жылап отырып, адасқан ағымда жүрген отбасының өмірін жайып салған деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Желі қолданушысы Зайнап есімді 13 жастағы қаршадай қыз хатын ел назарына ұсынды.

«Аға, мен өзіме қол жұмсап өлгім келеді. Мына киімді әкемнен қорыққандықтан киіп жүрмін. Егер сабақтан келгенде мектеп формасын хиджапқа ауыстырып кимесем, әкем анамды кінәлап, талақ тастаймын сендей әйелді деп қорқытады. Сенің қызыңа дұрыс тәрбие бермегенің үшін ертең тозақта жанатын жайым жоқ деп шешемді кіналап шығады. Сондықтан олардың мен үшін ажырасып кеткенін қаламаймын. Менен кейін бір сіңілім мен бауырым бар.

Анам байғұс бес уақыт намазын қаза қылмаса да, ниқкап кимей бетін ашық ұстағаны үшін әкемнен талай рет соққы да жеді. Сонда да жанұяны сақтап қалуға тырысып, ешкімге сыр бермей келеді. Әкеміз жоқта шешем бізге қыз баланың тәрбиесі туралы ақыл-кеңесін айтып, әкеміздің дұрыс дінде еместігін айтып түсіндіреді. Соңғы бес жылда мектептегі ешқандай іс-шараларға, мерекелерге қатыспаймын. Менің де саханаға шығып ән салғым келеді. КВН-ға қызығамын. Бірақ әкемнен қорқамын. Сыныптастарым да маған үрке қарайды. Айжан есімді жалғыз құрбым бар еді. Оның да ата-анасы мені «салафиттің қызы» деп менімен араласуына тыйым салып тастады.

Үйімізде теледидарды әкем «шайтанның айнасы» деп далаға лақтырып жіберген. Смартфон деген телефонды тек әкеміздің қолынан ғана көреміз. Сабақтан бос уақытымызда әкем үшеумізді бөлмеге қамап қойып әртүрлі уағыздарды тыңдатып, намаз оқуға мәжбүрлейді. Үйде сабақ оқуға, алаңға шығып ойнауға қатаң тыйым салған. Мектепте денешынықтыру, музыка пәндеріне қатыспаймыз. Мұғалімдер өтірік баға қойып, сыныптан сыныпқа көшіріп келеді. 10 жастағы інім өскенде полиция қызметкері болуды армандайды. Осы арманын әкемізге айтқаны үшін оңбай таяқ жеп, қамшының астында қалды. Әкемнің айтуынша «қорқақ кәпірлер» ғана полиция болады екен.

Естуімше, әке-шешем біз өмірге келмей тұрып намаз оқуды үйренген екен. Әкем сақалын өсіріп, қысқа балақты шалбар кигенге дейін біздің үйде барлығы да жақсы болатын. Кейде қазір де анамды өте жақсы көретіндігі білініп қалады. Анам да әкемді қиғысы келмейді. Түзелер деген үмітпен күндер өткізуде. Бірақ әкеміз күннен күнге өзгеріп барады. Өткен жолы қайтыс болған жақын ағамыздың жаназасына да, топырақ салуға да оны намаз оқымаған адам деп бармай қойды. Бірақ анам барып, ұялғанынан төбе көрсетіп қайтты.

Өткен жолы әкем мені 11-сыныпты бітіргеннен кейің өз ақиларының бірінің баласына күйеуге беретіндігін айтты. Содан бері өмір сүргім келмей жүр. Дінді өлердей жек көремін. Міне аға, жағдаймыз осы. Не айтасыздар?» — делінген қыз баланың хатында.

Қыз баланың тағдыры желіде қызу талқыға түсті.

«Бұл бір баланың басындағы қайғы емес қой…Қалай тосқауыл қойса болады?»деп қоғамдағы түсініспестікке араша сұрап жатқандар көп.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM