Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Арулар байқауына қатысқан алматылық моделдің жігіт екенін ешкім байқамаған

KAZAKBOL.COM

Модель жігіт мұндай эксперимент жасауға не итермелегенін айтып берді.

Алматылық жігіт Miss Virtual Kazakhstan арулар сұлулық байқауының финалына дейін жеткен, деп хабарлайды  sputniknews.kz.

22 жастағы Илай Дягилев конкурсқа қатысу үшін шымкенттік ару Арина Әлиеваның бейнесінде фотосуреттерін жолдайды. Жас жігіттің фотосы қазақстандықтардың көбісіне ұнап, сайыстың финалына дейін жеткен.

«Достарыммен сұлулық тақырыбында дауласып қалдым. Содан осы байқауға қатысайын деп шешім қабылдадым. Мен табиғи сұлулықты қолдаймын. Қазір, өздеріңіз көріп отырсыздар, барлық қыз бірдей боянып, киінеді және олар заман ағымынан қалмасам, әдемі көрінемін деп ойлайды. Мен олай есептемеймін», — деп пікір бөлісті Илай.
Алматылық жігіт бет-аузын бояп, әлем-жәлем болып киінетін қыздарды емес, табиғи сұлулықты насихаттау қажет екенін атап өтті.

«Мен финалға дейін жетіп, жағдайдың ушығып бара жатқанын түсінгенде Арина Әлиеваның кім екенін айтайын деп шештім. Қазақстаннан 4 мыңға жуық өтінім түсті, соның ішінде мен финалға өттім», — деді Дягилев.
Айта кетейік, осы жағдайдан кейін Miss Virtual Kazakhstan-2018 ұйымдастыру комитетінің шешімімен оңтүстікқазақстандық Арина Әлиева жалған мәлімет бергені үшін сайыстан шығарылып, орнына басқа ару қатыстырылған.

Илай Дягилев Алматыда модель болып жұмыс істейді.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM