Көрнекі фото: sputniknews.kz
Бірнеше ай бойы Целиноград ауданы ішкі істер бөліміне елорда тұрғындарынан тонаушылық туралы арыз-шағымдар түскен. Белгісіз бір ер адам пышақпен қорқытып, ақша мен ұялы телефонды тартып алады екен.
Барлаушылар қарақшының қылмыс схемасын анықтап білді. Ер адам қалада жолшыбай кезіккен көлікті тоқтатып, арасынан арықша келген такси жүргізушілерін таңдаған. Ол Ильинка ауылына жеткізіп салуды сұрап, ақыры пышақпен қорқытып, шопырлардың бағалы заттары мен ақшасын тонаған.
Ақмола облысы жедел қызметкерлері 30 жастағы елорда тұрғынын ұстады. Оның жеті қылмысқа қатысы бары белгілі болыпты.
Күдікті қылмысын мойындап, қамауға алынған. Қылмыстық іс қозғалды.
KAZAKBOL.COM