Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Арық денелі жүргізушілерді ғана тонаған елордалық қарақшы тұрғындарды шошытты

KAZAKBOL.COM

Көрнекі фото: sputniknews.kz

Қарақшы бірнеше ай бойы елордалық такси жүргізушілерінің үрейін алған деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Бірнеше ай бойы Целиноград ауданы ішкі істер бөліміне елорда тұрғындарынан тонаушылық туралы арыз-шағымдар түскен. Белгісіз бір ер адам пышақпен қорқытып, ақша мен ұялы телефонды тартып алады екен.

Барлаушылар қарақшының қылмыс схемасын анықтап білді. Ер адам қалада жолшыбай кезіккен көлікті тоқтатып, арасынан арықша келген такси жүргізушілерін таңдаған. Ол Ильинка ауылына жеткізіп салуды сұрап, ақыры пышақпен қорқытып, шопырлардың бағалы заттары мен ақшасын тонаған.

Ақмола облысы жедел қызметкерлері 30 жастағы елорда тұрғынын ұстады. Оның жеті қылмысқа қатысы бары белгілі болыпты.

Күдікті қылмысын мойындап, қамауға алынған. Қылмыстық іс қозғалды.

Sputnik Казахстан

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM