Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Арыстағы жарылыстан соң өтемақы ала алмаған тұрғындар әкімдікке тағы барды

KAZAKBOL.COM

Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлім қоймасында екі жыл бұрын болған жарылыстан баспанасы, кәсіпкерлік нысаны зақымданған оннан аса адам 24 маусым күні қала әкімдігіне барып, әлі күнге үйінің жөнделмегеніне, бүлінген кәсіпкерлік нысанына өтемақы берілмегеніне шағынды.

Наразылар қала әкімі Гүлжан Құрманбекованың сыртқа шығып, мән-жайды түсіндіруін талап еткенімен, ол келмеді.

Жалғыз баспанасын жөндеп беруді талап еткен 66 жастағы Валинтина Шмидт кейінгі екі жылда әкімдікке бірнеше рет келгенін айтады. Оның сөзінше, жарылыстан соң үйі бүлінген, мүгедек баласымен бітпеген үйде қыстап шыққан.

— Алғашында үйімді жөндеп береміз дегенімен, кейіннен жоқ болды, — дейді ол.

Кәсіпкер Мұхамеджан Сапарханов болса жарылыс кезінде бүлінген шағын мейрамханасы мен оның жанындағы он шақты сауда орнына өтемақы ала алмай жүргенін айтады.

— Мен жарылысты қолдан жасаған жоқпын. Үйіме, мейрамханама снаряд түсті. Снаряд түскен мейрамхананың арты әлі күнге үңірейіп тұр. Осы күнге дейін өтемақыны бермей келді. «Қазір эпидемия, ақша жоқ» дейді. Сонда біз осылай далада қала беруіміз керек пе, — дейді кәсіпкер.

Тұрғындар қала әкімі Гүлжан Құрманбекованың сыртқа шығып, мән-жайды түсіндіріп беруін талап етті. Бірақ қала әкімінің орнына оның орынбасарлары мен бөлім басшылар шықты.

Қалалық құрылыс бөлімінің мәліметінше, жарылыстан зақымданып, жөндеу көрген үйлердің өзінде ақау пайда болып жатыр. Қаланың 180-нен аса тұрғыны үйінің жарамсыз болып қалғанын айтып шағым түсірген. Бірақ жөндеу жүргізген құрылыс компаниясы 1 жылға кепіл берген. Енді тұрғындардың шағымы қалай шешілетіні белгісіз.

Қала әкімдігі жарылыстан зақымданған 8 мыңнан аса үй жөндеуден өткенін, 5 жүзге жуық үй жаңадан салынғанын айтады. Ал 464 бүлінген кәсіпкерлік нысанға өтемақы берілген, 48 кәсіптік нысанға «ақша таусылғандықтан» өтемақы төленбеген.

2019 жылы 24 маусымда Арыстағы әскери оқ-дәрі қоймасы жарылып, соның салдарынан төрт адам қаза тапқан. Олардың екеуі – әскери, біреуі – бейбіт тұрғын, ал бір бала эвакуациялау кезінде жол апатынан мерт болды.

Жарылыс болған күні мыңдағын үй зақымданып, Арыстың 40 мыңнан астам тұрғыны Шымкент қаласы мен төңірегіндегі елдімекендерге эвакуацияланған. Олар бірнеше күннен соң Арысқа қайта оралған.

Ресми мәлімет бойынша, қаладағы 7 527 үй мен көпқабатты 103 тұрғын үй зақымданған. Пайдалануға жарамсыз болып қалған 420 үй мен 3 көпқабатты тұрғын үй құлатылған.

Кейін билік жарылыстан үйінен айырылған тұрғындарға баспана салып берген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM