Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Аса ірі мөлшердегі психотропты зат сақтаған шымкенттік тұрғын жауапқа тартылды

KAZAKBOL.COM

Шымкент қаласының полиция қызметкерлерімен қоғамдық қауіпсіздік пен тыныштықты қамтамасыз ету, сондай-ақ қылмыстық жайттардың алдын-алу және болдырмау мақсатында күнделікті рейдтік іс-шаралар жүргізіліп отырады.

Мәселен, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерінің назарына Еңбекші ауданы аумағында жүрген ер адам іліккен. Тәртіп сақшылары азаматты тоқтатып, жеке басын растайтын құжатын талап еткенде, азаматтың қалтасынан пакетке оралған, өзіне тән хош иісі бар есірткіге ұқсас зат шыққан. Сол мезетте есірткіге ұқсас зат айғақ ретінде тәркіленіп, сараптама тағайындалды.

Тексеру жұмыстары барысында 35 жастағы тұрғын кінәсін толығымен мойындаған. Сондай-ақ, есірткіні телеграм қосымшасын пайдалана отырып есірткі және психотропты затты жеке пайдалану үшін сатып алып, екінші жерге жасыру арқылы тасымалдап отырғаны белгілі болды.

Азаматқа тағайындалған сараптама қорытындысымен және тексеру жұмыстары нәтижесімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 3 (үш) жыл 6 (алты) ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Тәркіленіп алынған жалпы салмағы 9,0273 грамм пирролидиновалерофенон (а-PVP) психотропты зат, 0,4991 грамм 4 метилметкатинон психотропты заттар жойылды.

Қай кезде де есірткі – адам денсаулығына, қоғамға аса қауіпті болған. Әрбір адам есірткінің тек өз өміріне емес өзгеге де зиян тигізетінін ескеру керек. Қоғамды жайлаған дертпен күресу мақсатында қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Осы ретте, Шымкенттік полицейлер есірткі заттарының заңсыз сақтау және өткізу жайттары туралы қандай да бір ақпарат болса, тез арада полицияның «102» арнасына хабар беруді сұрайды.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM