Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Асанәлі Әшімов: Жер мәселесінде халық не десе, сол дұрыс

KAZAKBOL.COM
Фото: azattyq.org

Қазіргі таңда қазақты толғандырған басты мәселе – жер дауына қатысты Халық әртісі Асанәлі Әшімов өз пікірін білдірді. Қазақ өнеріндегі айтулы тұлға «Қамшы» порталына берген сұхбатында жердің сатылуына түбегейлі қарсы екенін қадап айтты.

«Жер мәселесінде халық не десе, сол дұрыс. Жер – Ана! Жерді сатуға болмайды. Сатты деген аты жаман. Бұл айтылмауға, мүлде қозғалмауға тиіс мәселе. Мен бұған қатты қарсымын. Қарсы пікірімді өткенде де айтқанмын жиналған топта. Ол жерде бір де бір кісі қолдаған жоқ. Жалға беру мәселесіне де қарсымын. Жердің гүлденгені, құлпырғаны, тозып кетпегені жақсы әрине. Әуелі өзімізді жарытып алуға тиіспіз. Мыңдаған гектар жерді басып алып, өңдемей жатқан дөкейлерден алып өңдейтін қарапайым шаруаларға берсе, қазақ жалқау емес қой. Менің сөзімді бұрмалап таратып жүргендер бар екен. Әдейі, аты бар адамдарды халыққа қарсы қойып, сөзін бұра таратып жүргендер нағыз жауыздар. Халыққа жаман атты көрсетіп қойған соң, қайда барсам сүйдепсіз ғой деп маған айтады. Қайсыбіріне ақталып жауап берем», — дейді халық әртісі.

Асанәлі Әшімов мемлекет тағдырының шешуші күші халық екенін айта келе, билік әрқашан да халықпен есептесуі керек деп санайды.

«Қара халық деген, ол – ұлы. Елдің бар-жоғын, шынын айтып тұратын халық. Мемлекеттің басына қатер төнсе оны сезінетін де, бұлқынып, көтерілетін де халық. Мемлекеттің тағдырының шешуші күші халық болып есептелуі керек. Билік сондықтан да халықпен есептесуі керек. Дағдарыс қара халыққа қашан да әсер етеді, миллиардерлерге де келуі мүмкін, олар кедейленіп, миллионер болуы мүмкін. Оны сезінетін бәрібір қаймана халық», — деді ол.



KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM