Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ашғабадта коронавирустың «дельта-штаммы» көп тарап жатыр

KAZAKBOL.COM

Түркіменстанда коронавирустың дельта-штаммы тез тарап жатыр. Елде COVID-19 жұқтырғандар мен соның салдарынан қайтыс болғандар көбейді. Коронавирус ресми түрде тіркелмеген елде ауруханалар мен тұтас ауылдар карантинге жабылған.

Ауруханалар науқастардың бәрін қабылдап үлгермей, адамдар емдеу мекемесінің дәліздерінде жатыр, бірақ науқастардың дені ауруханаға қабылданбаған.

«Ашғабадта үрей басым… Ауруханалар толып қалды, адам өлімі көп. Вакцина салдырғандар да ауырып жатыр. Вирустан адамдар қатты ауырып жатыр. Олардың тынысы тарылып, өмірден өтіп жатыр. Ауруханалар науқас қабылдамайды, үйде емделіңдер дейді. Дәрігерлердің өздері де үрейленіп жүр», дейді Ашғабад қаласының бір тұрғыны.

Мары уәлаятында бір ауыл коронавирус ошағы ретінде карантинге жабылған. Бұның алдында Азатлык Векилбазар этрапындағы ​Гараджаков ауылында карантин орнағанын хабарлаған.

«Енді Мургап этрапындағы Куйгыш ауылы карантинге жабылды. Бұл ауылда күнде ондаған адамды жедел жәрдеммен уәлаяттың жұқпалы аурулар ауруханасына алып кетеді», деді жергілікті тұрғындардың бірі Марыдағы тілшіге.

Мары қаласында Ниязов атындағы аурухана да карантинге жабылған. Өйткені коронавирус жұқтырған науқастар көбейген. Бұған дейін Мары уәлаятының жұқпалы аурулар ауруханасында, сонымен бірге тағы екі этраптағы ауруханада карантин орнаған.

Түркімен билігі болса пандемия басталғалы бері елде COVID-19 тіркелген жоқ деуден танар емес.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM