Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ашғабад билігі ұзын-сонар кезекті жасыру үшін нанды таң ата сата бастады

KAZAKBOL.COM

Ашғабадтың жергілікті билігі мемлекеттік дүкендерде ұзын-сонар кезек көрінбес үшін, нанды таң атып келе жатқанда сатуды бұйырды. Бұл туралы Азаттықтың түркімен қызметі хабарлады.

Мәліметке қарағанда, мемлекеттік дүкендерде нан бағасы жеке дүкендерге қарағанда он есеге арзан. Ұн және азық-түлік тапшы болып тұрғанда, мемлекеттік дүкендер алдында кезек көп.

Редакцияға түскен видеода нанға кезекте жүздеген адамды, оның ішінде балалардың да тұрғанын көруге болады. Нанды дүкенде таңғы бесте сатады.

Азаттықтың түркімен қызметі хабарлағандай, аймақ жетекшілері президент Гурбангулы Бердімұхамедовтің беделіне нұқсан келтірмес үшін, дүкендер алдында кезекке тұруға тыйым салған.

Түркіменстан соңғы жылдары экономикалық дағдарыстан шыға алмай келеді. Билік мұны теріске шығарып келеді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM