Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ашғабатта арзанға сатылатын азық-түлік мөлшері азайып барады

KAZAKBOL.COM

Түркіменстанда азық-түлік дағдарысы тереңдеген сайын Ашғабатта арзанға сатылатын азық мөлшері де азайып барады.

Астана тұрғындарының айтуынша, бұған дейін азық отбасындағы кісі басына қарай бөлінсе, енді оған қарамайтын болған. Оның үстіне, арзанға сатылатын азық түрлеріне өсімдік майы кірмей қалды.

«Арзан азық әр он күнде түседі. Бірақ бір үйде үш-төрт отбасы тұрады, бөлінген азық екі күнге де жетпейді», — дейді астаналық бір тұрғын.

Астаналықтар азық мөлшерінің азайып кеткеніне наразы болып отыр. Жергілікті билік органдары олардың шағымдарына назар аудармайды.

Түркімен билігі ай сайын тұрғындарға азық-түліктің кейбір түрлерін халыққа арзан бағамен сатады. Мемлекеттік дүкендерде өсімдік майының бір литрі 19 манат, бір келі қант 9 манат тұрады. Жекеменшік дүкендерде тауардың бұл түрлерін 45 және 19 манатқа алуға болады.

Түркіменстанның экономикалық дағдарысқа ұшырағанына бес жыл болды. Халықтың дені үкіметтің арзан азығына тәуелді болып қалды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM