Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Аша Матайдан жұлдыз жасаған кім? (фото)

KAZAKBOL.COM

Фото желідегі парақшадан алынды

Қазақ эстрадасының танымал өкілі Аша Матай өзінің кімнің арқасында жұлдыз болғанын айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды.

Кеше, отандық продюсер, Баян Есентаеваның сіңлісі, Аша Матайдың әпкесі Бағым Мұхитденованың туған күні болып өтті.

Желідегі жұрт оны жаппай туған күнімен құттықтап, тілектерін жаудырды. Оның сіңлісі Аша да елден қалмай, өзінің жүрекжарды тілегін желі арқылы айтты.

«Сүйікті әпкем туған күніңмен! Сіз сондай дарынды, шығармашылық адамы, әдемі, шынайысыз! Сіздің арқаңызда шығармашылық әлеміне ғашық болғаныма қуаныштымын. Иә, дәл сіз бен сіздің музыкаға деген махаббатыңыздың арқасында. 15 жасымда сіз маған «Сана» тобында ән айтуды ұсындыңыз.

Мен келістім. Одан ары вокал, хореография, сольфеджио. Мен сол кезде алғаш рет шоу бизнес өкілдерімен: Орда тобымен, ДауысInternational тобымен, Айгүл Иманбаевамен танысқан болатынмын.

Одан кейін «Жұлдыздар империясы» жобасында сіз музыкалық продюсер болдыңыз. Сол кезде әкем менен жұлдыз жасағысы келді, есіңізде ме? Дәп солай айтты. Сосын сіз мені Әділ Жамбакиевпен таныстырдыңыз (менің ең алғашқы продюсерім). Міне, Аша Матай жобасы осылай құрылған. Рахмет. Денсаулық, әйел бақытын тілеймін!», — деп жазды ол.

«Қызықты деректер екен», «Сіз оны құттықтадыңыз ба әлде өзіңіздің мансабыңыздың қалай өскенін айттыңыз ба?», «Тетясы бардың — Тетясы бар демекші, Ақботаның дауысы жоқ болса да, әнші болып кеткен дейсің ғой. Дауысы жоқ әнші болғаны ғой сонда», «Мен оны жұлдыз қылған Баян ба десем», «Аша, сіз қызық-қызық айтасыз екен. «Әкем жұлдыз жасағысы келді»… Қызық естіледі. Ал біз ойласақ, жұлдызды біреу жасамайды деп. Әрине, сіздің туыстарыңызбен жұлдыз болу оңай ғой», — деді ашуланған желі қолданушылары.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM