Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ашынған мұғалім оқулықтағы былықтарды жайып салды (ВИДЕО)

KAZAKBOL.COM

Мектеп оқулықтарына қатысты дау басылар емес. Бұл жолы білім ұясының қызметкері ондағы былықтарды жария етті, деп хабарлайды NewТimes.kz ақпараттық агенттігі.

Өзін мектеп қызметкері дептаныстырған әйел азаматы 7 сынып оқулығындағы олқылықтарды видеоға түсіріп, көпшілікпен бөлісті. Мәселен, гегорафия пәнінің кітабы 31-ші беттен басталса, биология пәнінің оқулығы екі тілде жазылған. Ал келесі бір кітап тіптен терісінен басылған.

«Бұл кітап биыл келген. Отыз бірінші беттен басталған, бірінші бет жоқ. Өліп талып зорға жеткен жаңа оқулық мынандай халде. Биология да биыл келген оқулық. Мектеп баспасы… Теріс беті, мынаны қараңыздар. Биология кітабында жергілікті аймақтың қызыл кітапқа енген жануарлар делінген. 32-ші бет қазақша, 33-ші беттен 64-ші бетке дейін орыс тілінде жазылған. Қазақ мектебінің оқулығы осындай халде» деп ашынды мұғалім.

Бұл видеоны көрген желі қолданушылары еліміздің бас мұғалімі, яғни Білім және ғылым министрінен бұл жағдайға қатысты түсінік беруді талап етіп отыр.

Под

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM