Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Астана Қытайдың «Украинадағы соғысты аяқтау жоспары» қолдауға лайық дейді

KAZAKBOL.COM

Қазақстан сыртқы істер министрлігі 25 ақпанда Қытайдың Украинадағы дағдарысты саяси реттеу бойынша айтқан ұсынысына байланысты мәлімдеме таратты.

Астана «Қытайдың мемлекеттің аумақтық тұтастығы, тәуелсіздігі және егемендігі негізінде қантөгісті тоқтатуға көмектесетін» ұстанымы «қолдауға лайық» деді.

«Біз бұл мәселені тек халықаралық құқық пен БҰҰ қағидаттары негізінде бейбіт жолмен шешуге балама жоқ деп есептейміз» деп жазылған министрліктің мәлімдемесінде.

Қазақстан СІМ хабарламасында Ресейдің Украинаға басқыншылығын, орыс әскерінің Украина азаматтары мен энергетикалық инфрақұрылымына соққысын айыптамайды.

Ведомство Қазақстан «әскери қақтығысқа қатысушы тараптардың ізгі ниет танытып», «ұрыс-қақтығысты тоқтатып» келіссөз үстеліне отыруын, ал халықаралық қауымдастық «жағдайды барынша дипломатиялық жолмен шешуге үлес қосуын» жақтайды деді.

Бұған дейін Қытай сыртқы істер министрлігі Украинадағы соғысты аяқтау «жоспарын» таныстырған. 12 пункттен тұратын құжат, Пекиннің пікірінше, әскери қимылдарды аяқтауға мүмкіндік береді. Қытай құжатта БҰҰ жарғысы принциптері мен халықаралық заңнаманы басшылыққа ала отырып, барлық елдің егемендігін құрметтеуге шақырған.

Бірақ құжатта Ресейдің Украина егемендігін бұзғаны жөнінде ештеңе айтылмаған. Батыс шенеуніктері соғыс кезінде Ресейге көмек беруден қашқақтап, бірақ сонда да Мәскеумен қарым-қатынасын нығайтып жатқан Қытай «жоспарын» скептицизммен қабылдады.

Құжатқа баға берген кейбір сарапшылар бұл – «Қытай өкілдері Мюнхен конференциясында сөз сөйлегеннен кейін Пекиннен күткен нақты ұсыныстары бар жоспар емес, үндеу мен тілектер жазылған жалпы сөздер» деді.

Киев 1991 жылы халықаралық қауымдастық мойындаған барлық аумағын қалпына келтіретінін, орыс әскері басып алған жерлерді азат ететінін бірнеше рет мәлімдеген.

Қазақстан билігі Ресейдің басқыншылығын ашық айыптаған жоқ, бірақ Астана Украинаның аумақтық тұтастығын құрметтейтінін мәлімдеген. Билік Украинаның шығысындағы сепаратистік құрылымдарды және онда өткен псевдореферендумды мойындаған жоқ.

Осы аптада Қазақстан орыс әскерін Украинадан әкетуді талап ететін БҰҰ қарарына дауыс берген кезде қалыс қалған. Бұған дейін Ресей басқыншылығын айыптаудан бас тартқан Қазақстанның позициясына қатысты қоғамда сын айтылған. Қазақстан сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бұған дейін «қалыс қалу да – позиция», «біз ұлттық мүддемізді ескере отырып дауыс бердік» деген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM