Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Астана Әзербайжан арқылы мұнай тасымалын арттыруды жоспарлайды

KAZAKBOL.COM

Қазақстан Әзербайжан арқылы мұнай тасымалдауды арттыруды жоспарлайды. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада Әзербайжан президенті Ильхам Алиевпен келіссөзден кейін өткізген брифингте мәлімдеді.

«Қол жеткізген уағдаластықтарымыздың нәтижесінде биыл Әзербайжан арқылы Қазақстан мұнайының бірінші партиясы жөнелтілді. Келесі қадам –жеткізілетін мұнай көлемін ұлғайту және оны ұзақмерзімді әрі тұрақты жеткізу бағытына айналдыру» деді Тоқаев.

Оның сөзінше, «Орта дәлізді» дамытудың 2022-2027 жылдарға арналған Жол картасын тиімді жүзеге асырудың маңызы зор.

Қазақстан президентінің сөзін Ақорда сайты жариялады.

Әзербайжан президенті Ильхам Алиев Қазақстанға 10 сәуірде ресми сапармен келген. Оны Астана әуежайынан премьер-министр Әлихан Смайылов күтіп алды.

Қазақстан бірнеше ай бұрын Ақтаудағы порттан Баку арқылы мұнай жіберген. Әзербайжан тарабы танкерге 6,9 мың тонна шикі мұнай тиелгенін айтқан.

Транскаспий халықаралық транспорт бағыты («Орта дәліз» деп аталады) – 6500 шақырымға созылып жатқан авто және теміржол, порт жүйесі. «Орта дәліз» Қытайдан бастау алып, Қазақстан, Әзербайжан, Грузия, Түркия, Украина арқылы өтіп, Еуропаға барады.

Биыл ақпанда Қазақстан энергетика министрлігі Қазақстан Әзербайжан арқылы мұнай тасымалын 15 млн тоннаға жеткізуді жоспарлайтынын мәлімдеген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM