Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Астана Ресейдің Arbat.media-ны сотқа беруіне байланысты жауап берді

KAZAKBOL.COM

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі жергілікті Arbat.media басылымының Ресейдің Владимир қаласының Ленин аудандық сотына шақырту алғанына байланысты жауап берді. Бұл жөнінде басылымның өзі хабарлады.

«Сайтты Ресей аумағында бұғаттау, Ресейдің ішкі заңдарына сәйкес қабылданған. Былайша айтқанда, олардың шешімінің Қазақстан аумағында ешқандай заңдық күші жоқ», — деп мәлімдеген СІМ.

СІМ сонымен бірге Қазақстан мен Ресей арасында «БАҚ қызметіне сырттан араласу жөнінде келісім жоқ» деп атап өтіп, Arbat.media «Қазақстан заңдарын бұзбады» деген.

«Халықаралық талаптарда әркім өзінің еркін көзқарсын, пікірін білдіруге құқылы делінген. Бұл құқық ақпарат пен идеяны іздеп, оны тарату еркіндігіне де беріледі», — делінген министрлік берген жауапта.

Осының алдында қазақстандық Arbat.media басылымы Украинадағы соғыс жайлы материалы үшін Ресейдің Владимир қаласындағы Ленин аудандық сотына шақырту алғанын мәлімдеген.

Сотқа арызданушы Ресей армиясының 19-әскери прокуратурасы, 56680 әскери бөлімшесі деп жазылған. Сот отырысы 17 ақпанға белгіленген.

Arbat.media басылымының жазуынша, шақырту қағазында «Роскомнадзордың Владимир облыстық басқармасы басылымның Украинадағы соғыс жайлы мақаласынан шындыққа сәйкес келмейтін және саяси мәндегі қоғамдық маңызды ақпарат жайлы жалған мәлімет барын анықтады» деп жазылған.

Аrbat.media порталының редакциясы өзіне тағылған айыптаулармен келіспейтінін жеткізді.

Роскомнадзордан Аrbat.media, «Власть», Informburo.kz, Ratel.kz, Newtimes.kz басылымдары Украинадағы соғысқа қатысты материалдарын өшіруді талап еткен хат алған.

«Әділ сөз» баспасөз еркіндігін қорғайтын қор Қазақстан үкіметіне ашық хат жолдаған.

«Қазақстан үкіметі БАҚ-тағы мемлекеттік саясаттың жүзеге асуын қамтамасыз етіп, Қазақстан Конституциясы кепілдік берген сөз бостандығын қорғауы тиіс», — делінген ашық хатта.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM