Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Астана соты ұсталғандарға «жас ағызатын газ шашқан» бұрынғы полиция қызметкерін бес жылға соттады

KAZAKBOL.COM

Астана қаласының Байқоңыр аудандық соты ұсталғандарға бірнеше рет «жас ағызатын газ шашқан» бұрынғы полиция қызметкерін бес жылға бас бостандығынан айырды. Бұл жөнінде Астана қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Соттың жазуынша, полиция қызметкеріне «билік өкілетін асыра пайдалану» (362-бап, 4-бөлік, 2-тармақ) бабы бойынша айып тағылған. Хабарламада экс-полицейдің аты-жөні айтылмайды.

Ақпаратқа қарағанда, айыпталушы экс-полицей айыптарды мойындамаған.

Соттың хабарлауынша, былтыр 10 тамызда К. есімді полицей әкімшілік хаттама толтыру үшін полиция пунктіне жеткізілген Н. және Б. есімді азаматтарға баллонмен «еш негізсіз» бірнеше рет жас ағызатын газ шашқан. Соның салдарынан екі адамға зақым келген.

Жарыссөз кезінде прокурор оған сегіз жыл түрме жазасын беруді сұраған. Сот үкім шығарар кезде айыпталушының кәмелетке толмаған балалары барын ескерген. Судья полиция қызметкерін «билік өкілетін асыра пайдаланды» деп таныған, бес жыл түрме жазасынан бөлек, ер адамды жеті жыл мемлекеттік қызметте істеу мүмкіндігінен айырған. Полиция капитаны атағын да жойған.

Қазақстанда митинг, наразылық акциялары кезінде полиция қызметкерлерінің әрекетіне жиі шағым түседі. Полицияның бейбіт жиын өткізу құқығын жүзеге асырғысы келген азаматтарды күштеп ұстауы – елде жиі кездесетін практика. Құқық қорғаушылардың айтуынша, полиция әрекетіне шағымданғандар көп болғанымен, олардың ісі көп жағдайда сотқа жете бермейді.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM