Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Баян Есентаева Димаш Құдайберген өзін қызықтырмайтынын айтты (фото)

KAZAKBOL.COM

Баян Максаткызы. Фото pandaland.kz

Отандық продюсер Баян Мақсатқызы аспан асты елін бағындырған Димаш Құдайберген өзі үшін қызық емес екенін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Ол өзінің Instagram-дағы жазбасына пікір қалдырған желі қолданушысының сұрағына жауап берді.

Желі қолданушысы Баяннан Димаштың жеңісіне қатысты неліктен пікір айтпағанын сұраған.

«Баян, ел алдында жүрген адам ретінде Димаш Құдайбергеннің жеңісі туралы пікір айтпағаныңыз таңғалдырып отыр. Ол туралы қазіргі таңда бүкіл Қазақстан, тіпті бүкіл әлем айтып жатыр. Сіз өзіңізді Димаш қызықтырмайтындай ұстайсыз», — деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Дегенмен, Баян Мақсатқызы көп кешіктірмей жауап жазып, Димаштың өзі үшін қызық емес екенін айтты.

«Ол мені қызықтырады дегенді сіз қайдан шығардыңыз? Әлде мен жұрт естігісі келген нәрсенің барлығына пікір айтуым керек пе?«, — деп жауап берді ол.

Алайда, танымал продюсер біраз уақыттан соң өз пікірін өшіріп тастаған.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM