Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Астанада қараусыз қалған үш жасар бала көпқабатты үйдің терезінен құлап, мерт болды

KAZAKBOL.COM

Көрнекі фото: vk.com

Астанада үш жасар бала алтыншы қабатан құлап кетті. Бұл туралы ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов айтты деп хабарлайды Baq.kz.

Оқиға 27 шілде күні сағат 18.00-де Күмісбеков көшесіндегі Сарыарқа ауданында болған.

«Ата-анасының қарауынсыз қалған 2014 жылғы сәби көпқабатты үйдің 6-қабатының терезесінен құлап, шетінеді»,- дейді төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі.

Руслан Иманқұловтың айтуынша, жаз басталысымен балалар жиі үлкендердің қарауынсыз қалады. Осы уақытта өрт пен төтенше жағдайлар көп болады.

«Жыл басынан бері Астанада терезеден 9 бала құлаған, оның бесеуі ауруханаға жатқызылып, төртеуі шетінеп кетті, бір бала құтқарылды. Көпшілік жағдайда бұлар ата-ананың қарауынсыз қалған балалар», — деді Руслан Иманқұлов.

Айта кетейік, осыдан он шақты күн бұрын Астанада 9-шы қабаттан құлағалы тұрған бала құтқарылған болатын.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM