Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Астанада аяғыр ауыр келіншек 50 мың теңге үшін тәнін саудалап жүр (фото)

KAZAKBOL.COM

Бойжеткен. Фото: NewTimes.kz

Астанада алты айлық жүктіліктегі келіншек тәнін саудалап жүр. NewTimes.kz агенттігі 25 жастағы бойжеткенмен сөйлесу мүмкіндігіне ие болды. Ол бір түнді 50 мың теңгеге өткізуге әзір екенін алға тартқан деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Анкетасында бойжеткен өзінің 25 жастағы қазақ қызы екенін жазған. Бойы 165 см, салмағы 85 келі.

«Әдемі дене бітіміне ие сұлу қызбын. Мен жыныстық қатынасты жақсы көретін өз ісімнің маманымын… Ақылға қонымды бағаға жақсы демаласыз», — деп жазған ол.

Агенттік тілшілері бойжеткенмен сөйлесіп көруге тырысты. Олар бойжеткенге өзін клиент ретінде таныстырған.

NT: Алло, сәлеметсіз бе

— Сәлеметсіз бе.

NT: Мен хабарлама бойынша қоңырау шалып тұрмын.

— Тыңдап тұрмын.

NT: Сіз кешкі онда боссыз ба?

— Мүмкін, әзірге білмеймін.

NT: Сізді алып кетейін бе, әлде өзіңіз келесіз бе?

— Сізге қай жақ керек?

NT: ЖК «Ақбұлақ таун».

— Ааа. 20 мың, білесіз ғой?

NT: Сағаты ма, бір түн бе?

— Сағаты.

NT: Мен бір түнге жалдайын деп едім.

—Менің аяғым ауыр. Білетін шығарсыз?

NT: Иә, сізді арнайы іздедім. Мен үшін бұл алғаш рет, экзотика болмақ.

— Жасыңыз нешеде?

NT: 24-те

— Кешкісін сөйлесейік.

NT: Мен сізге ақшаны дәл қазір карточкаңызға лақтыра аламын.

— Білмедім, бір түнге ауыр болады. Негізі таңға дейін адам басына 50 мың теңге.

NT: Ал балаға бұл қауіпті емес пе? Денсаулығыңызға ауыр тимей ме?

— Кешіріңіз, сау болыңыз.

Бойжеткен тұтқаны лақтыра салып, көп ұзамай өз анкетасының да көзін жойды.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM