Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Астанада бокстан әлем чемпионы жекпе-жек төрешісін аяусыз соққыға жықты (видео)

KAZAKBOL.COM

Рахат Маржықпаев. Фото: sports.kz

Астанада бокстан Қазақстан конфедерациясы кубогі жолындағы турнирде оқыс оқиға орын алды. Жеңіліп қалған боксшы Рахат Маржықпаевтың бапкері кездесудің төрешісін соққының астына алған.

Бұл туралы видео YouTube желісінде пайда болған.

Видеодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Рахат Маржықпаев қарсыласынан жеңілген соң, оның бапкері жекпе-жек төрешісініе қол жұмсағанын көруге болады. Төреші де өзіне жазықсыз қол көтерген бапкерге жауап қайтарып үлгерді.

Кейін бапкерін жақтаған боксшы Рахат Маржықпаев та төрешіге аямай соққы жұмсайды. Осы кезде залдағы көрермендер мен өзге де бапкерлер төбелес шығарғандарға араша түсті.

Осы туралы белгілі журналист Көсемәлі Сәттібайұлы Facebook парақшасында жазып, төрешіні ұрған бапкер боксшының әкесі әрі Астана қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Берік Маржықпаев екенін айтты.

— Жанкүйерлерден смс хат кеп жатыр. Олар төрешіні ұрған бапкер емес, Астана қалалық спорт және денешынықтыру басқармасының басшысы Берік Маржықпаев дейді. Сонда жеңіліп қалғандарына қарамастан, баласы екеуі судьяны жабылып ұрған болып тұр ғой.

Берік Маржықпаев. Фото: KFB

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешовтің назарына:

Астана қалалық спорт және денешынықтыру басқармасының басшысы Берік Маржықпаев пен оның баласы Рахат Маржықпаев екеуінің бұл ұрдажық мінезі, жеңістің бәрі біздікі дегендей астамшылығы, өзінен басқаны адам құрлы көрмейтін озбырлығы мемлекеттік қызметкердің әдебі мен әдетіне, спортшының этикасы мен эстетикасына сай келе ме?

Меніңше, мәселені көп созбай әкесін — қызметтен, ұлын — спорттан шеттету керек.

Спорт — достық пен татулықтың, бірлік пен бейбітшіліктің символы. Онда дөрекі, ұрдажық, озбыр басшылар мен боксшыларға орын жоқ, — деп жазған журналист.

Еске сала кетейік, Рахат Маржықпаев 2013 жылы Украинада жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы атанған болатын.

Nur.kz

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM