Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Астанада инфекциялық ауруханалардың 72 пайызы бос емес

KAZAKBOL.COM

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғандар көбейгендіктен күндізгі стационарлардың жұмысы мен ауруханаға жоспарлы түрде жатқызу тоқтатылды. Бұл туралы 22 шілдеде Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Тимур Мұратов хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, қазір коронавирус жұқтырғандарды емдейтін ауруханаларда орындардың 72 пайызы бос емес.

«Ауру өсімі артқандықтан қалалық ауруханаларды қайта бейімдеуге тура келіп отыр, әзірге күндізгі стационарларлардың жұмысы мен жоспарлы түрде ауруханаға жатқызуды тоқтаттық. Осылайша өзге медициналық клиникаларға да салмақ түсіп отыр. Біз орын санын көбейтуге, қолда бар ресурстың барлығын қолдануға мәжбүрміз» деді Мұратов.

Басқарма мәліметінше, қазір қаладағы 16 стационарда барлығы 3562 орын бар. Онда 2500-ден астам науқас емделіп жатыр. 286 адам коронавирус пневмониясынан айығуға тырысып жатыр.

Науқастардың 230-ы реанимация бөлімінде: 70-інің жағдайы ауыр, 47-і жасанды тыныс аппаратына қосылған. Соңғы мәлімет бойынша, инфекциялық стационарда – 1006, реанимация бөлімдерінде 62 орын ғана қалған.

Басқарма мамандарының ақпаратына қарағанда, күн сайын астанада орташа есеппен 10-15 адам коронавирустан қайтыс болып жатыр.

Өткен тәулікте жедел жәрдем қызметіне 4 мыңнан астам адам жүгінген. 333-ы ауруханаға жатқызылған. 10 мыңнан астам адам амбулаторлық жағдайда емделіп жатыр.

21 шілдеде Нұр-Сұлтанда 1369 адамның коронавирус тесті оң шыққан еді. Бұл республика бойынша ең жоғары көрсеткіш. Індет басталғалы бері астанада жақында ғана алғаш рет бір күнде анықталатын науқастар мыңнан асты.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM