Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Астанада митинг ұйымдастырған Марат Әбиев екі айға қамалды

KAZAKBOL.COM

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың инаугурациясы өткен күні Астанада митинг ұйымдастырған кәсіпкер Марат Әбиев екі айға қамалды, деп хабарлады астанадағы соттың сайты.

«2022 жылғы 12 желтоқсанда Астана қалалық арнайы ауданаралық тергеу соты күдікті Әбиев М.Ж.-ны екі айға қамау туралы шешім шығарды», — деп хабарлады сот.

Әбиевтің үстінен қандай бап негізінде қылмыстық іс қозғалғаны жөнінде Астана қалалық сотының мәліметінде ештеңе айтылмады. Қалалық соттың баспасөз қызметі қосымша мәлімет беруден бас тартты.

Бұның алдында Астана әкімшілік соты Марат Әбиевті 15 тәулікке қамау жөнінде шешім шығарған. Сол кезде Әбиевке қарсы екі әкімшілік іс ашылғаны хабарланған: рұқсатсыз митинг ұйымдастыру мен өткізу және полиция қызметкерлерінің талаптарына бағынбау.

Іс материалдарына сәйкес, 26 қарашада Әбиев Қорғалжың күре жолы ауданында, «Думан» ойын-сауық кешені алдында астана әкімшілігінің рұқсатынсыз «митинг ұйымдастырған», полиция қызметкерлерінің талаптарын «орындаудан бас тартқан».

26 қарашада кешке Астанада кем дегенде ондаған адам ұсталды. Сол кезде астанада интернет істемей қалды. Кейін ІІМ 18 адам ұсталып, әкімшілік жазаға тартылғанын хабарлады. «Шараға барлығы 300 адам жиналған, бір сағаттан соң Ақордаға қарай жүру жөнінде үндеу тасталған».

Биыл мамыр айында жергілікті басылымдар Әбиевтің жан-жақтан жиналған жақтастары Астанаға «концертке келе жатқанда» полиция қалаға кіргізбей қойғанын жазған. Астана әкімдігі «Әбиевке концерт ұйымдастыруға рұқсат берілмесе де, ол адамдарды алдап қалаға шақырып жатқанын» айтқан. Интернетте жаппай тәртіпсіздіктің алдын алынғаны да жазылды. Ал Әбиев Ulysmedia.kz сайтына «заңға қайшы іс жасау ойында болмағанын», «саясатпен айналысу ойында жоғын» жеткізген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM